» » Елордада «Байқоңыр барысы» ашық турнирінің жеңімпаздары анықталды

Елордада «Байқоңыр барысы» ашық турнирінің жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен жыл сайынғы «Байқоңыр барысы» ашық турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бас шаһардағы «Өндіріс» дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өткен сайысқа 75 боз кілем шебері қатысты. Олар «Байқоңыр барысы» бас жүлдесінен бөлек, 60 және 82 келі салмақ дәрежесінде өзара бақ сынасты.
«Биылғы жылғы турнир Республика күні ұлттық мерекесін атап өту аясында ұйымдастырылды. Басты мақсаты – қазақ күресін жастарға насихаттау, ел тұрғындарының патриоттық сезімін ояту, ұлттық спорт түрін жасөспірім ұрпақтың санасына сіңіру. Биылғы жылғы ерекшелік – бас бәйге «Байқоңыр барысынан» тыс, 60 және 82 келі салмақтағы палуандар да боз кілемде белдесті», - деді Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Үкілім Саятқызы.
Жыл сайынғы дәстүрлі турнирдің басты жүлдесі – «Байқоңыр барысы» атағы үшін елордалық 21 спортшы боз кілемге шықты. Нәтижесінде түйе палуан, «Байқоңыр барысы» жүлдесін Алмас Шынкеев жеңіп алды. Ал, 2-орын Нұрдәулет Айсағалиевке бұйырса, 3-орыннан Мейіржан Сламшаиков көрінді.
«Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Палуандардың барлығы епті, кәсіби дайындықпен келген. «Байқоңыр барысының» Республика күні, өзіміздің ұлттық мереке қарсаңында өтіп жатқаны барлығымызды қуантып отыр. Бұл сайысқа 80-ге жуық палуан қатысты. Бұйырып, үшінші орыннан көріндім. Барлық спортшыларға, ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Әсіресе, бүгінгі жарыста жастар көп. Осындай сайыстардың арқасында өскелең ұрпақтың спортқа деген қызыушылығы арта түседі деп ойлаймын», - деп сайыс туралы ойымен бөлісті жарыстың жүлдегері Сағындық Әшім.
Турнир қорытындысы бойынша, 60 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Нұрбол Елубай қанжығасына байлады. Ал, 2-орынды Ержан Еренкаипов жеңіп алса, Сағындық Әшім тұғырда 3-орыннан көрінді. Сонымен қатар, 82 келі салмақ дәрежесі бойынша 1-орын Мәди Амангелдіге бұйырса, 2-орынды Диас Талғатұлы иленді. Бұл салмақ дәрежесінде сынға түскен елордалық Тимур Әбутай 3-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, жарысқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткерлері, атақты палуандар мен еліміздің белді тұлғалары да қатысты.
inform.kz
24 қазан 2022 ж. 561 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031