» » Мықтылық мұратсыз келмейді

Мықтылық мұратсыз келмейді

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы спортында өзіндік қолтаңбасын қалдырып, құрметке бөленіп жүрген Жосалы кентінің тұрғыны, спорт майталманы Марат Асыловтың отбасы аудан тұрғындарына спортты өміріне серік еткен жанұя десек артық айтқандық емес. Әулет отағасы Мұқанғали ағамыз да жас кезінде спортпен шұғылданып, түрлі жетістікке қол жеткізсе, отанасы аудандық «Қармақшы таңы» газетінің ардагері Жұмагүл апай да спорттың күрес түрін серік еткен. Тіпті жас кезінде редакциямызда қызмет еткен бір жігітпен күресіп, жанбас әдісімен жеңген екен.
«Қармақшы спортының құлагері» атанған, мезгілсіз өмірден өткен даңқты балуан Әділбек Серікбаевтың алғашқы шәкірттерінің бірі, спорт атты ұлы өнерді ұлықтаған Марат Асылов ұстазы өмірден өткен соң аудандық денешынықтыру және сауықтыру кешенінің басқару тізгінін қолына алды. Бүгінде сала майталманы Асыл Мұқанғалиұлы басқарып отырған спорт мекемесінде самбо, қазақ күресі, дзюдо, белбеу күресі, асық, бес тас және тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойын түрлері бойынша шәкірт тәрбиелеуде. Ал оларды Абай Досжанов, Қуаныш Тәтімбетов, Бауыржан Райсов, Гүлназ Үсенбаева, Ринат Тоғысов, Дамир Әбдеков, Шыңғыс Мұқанғалиев сынды білікті спорт мамандары жаттықтырады.
Марат Асылов басқаратын спорт кешені ауданда самбодан талай дарын иелерін әлемдік аренаға жол салып берген Т.Көмекбаев атындағы халықаралық мемориалдың, жастар арасында дзюдодан Б.Сүлейменов атындағы республикалық жарыстың және бокстан Қуаныш Қаражанов жүлдесі үшін, Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған ашық республикалық жарыстың, сонымен қатар басқа да түрлі спорттық додалардың алтын ордасына айналды.
Міне ел игілігі үшін пайдалануға берілген спорт ордасының басшысы Марат Асыловтың да жеке өміріне тоқталар болсақ, жоғарыда айтып өткендей, Әділбек Серікбаевтың үкілеп өсірген шәкірті бүгінде өзі басшылық ететін спорт клубта жаттықтырушы, директордың орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, көптеген баланың спорт әлеміне деген сүйіспеншілігін арттыруда сүбелі еңбек етті. Құрмет төрінен көрінді. Тіпті «Тәуелсіздікке 20 жыл» мемлекеттік медаліне, «Құрметті спорт ардагері», «Самбо күресінің дамуына қосқан үлесі үшін» және басқа да салалық наградаларға ие болды.
Осындай өзінің өнегелі өмір жолымен ел мәртебесіне ие болған Марат Мұқанғалиұлының баласы Шыңғыс та әке арманын жүзеге асыруға үлесін қосуда. Атап айтар болсақ, Шыңғыс қазақ күресінен бірнеше дүркін ел чемпионатының күміс және қола жүлдегері, самбодан жасөспірімдер арасында өткен Әлем біріншілігіне қатысушы, сондай-ақ самбодан да ҚР бірнеше мәрте жүлдегері. Жас спортшы бүгінде аудандық спорт клубта жаттықтырушы болып шәкірт тәрбиелеуде.
Міне, өнегелі өмірімен өңірімізде спорт саласын дамытуға атсалысып келе жатқан Марат Асыловтай майталман маманды сөзге тартқан болатынбыз. "Мен үшін спорт өмір бастауы. Адам баласы келешек өмірін бала жастан жоспарлап, оны жүзеге асыруға жұмыс жасаса, сол жоспар міндетті түрде орындалады. Менің арманым орындалды. Спортқа деген сүйспеншілігімнің арқасында үлкен жетістікке қол жеткіздім. Әділбек Серікбаевтай ұстазымның ақыл-кеңесін, тәлім-тәрбиесін, қолдауын алып, бүгінде өмірлік тәжірибемді шәкірттеріме беруде еңбек етіп жатқан жайым бар. Балам Шыңғыс та өмірін әке жолына арнап, спортта үлкен көрсеткіштер көрсетіп жүр. Өзім басқаратын спорт клубта талантты жаттықтырушылар дарынды балаларды спортқа баулуда"- деді ол.
Н.Жанәділов
30 қараша 2022 ж. 752 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031