Желдей ескен желаяқтар
qarmaqshy-tany.kz Қызылорда қаласында 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында спорт мектептерінің облыс біріншілігі өтіп, біздің желаяқтар аудан намысын қорғады.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысында мамандандырылған олимпиадалық резервтің No15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жеңіл атлетика бөлімінің жаттықтырушысы Рашида Сарбасованың шәкірттері жарыстың алғашқы күні 600 метр қашықтыққа жүгіруде No30 орта мектептің шәкірті Мұхамедияр Әбілахатов І орынды, 2000 метр қашықтыққа жүгіруде сол мектептің шәкірттері Бекзат Садуахан ІІІ орынды, қыздар арасында 300 метрге жүгірген Кәусар Каган жүлделі ІІІ орынға көтерілді. Сондай-ақ 1000 метр қашықтыққа жүгірген No183 орта мектептің шәкірті Сымбат Мырзаш ІІ орынды, 600 метрде ІІІ орынды жеңіп алса, 2000 метр қашықтыққа жүгірген No250 мектеп-лицейінің оқушысы Мирас Жақсылық ІІ орынды иемденді. 1000 метрде No183 орта мектептің тағы бір оқушысы Қымбат Мырзаш жүлделі ІІ орынды місе тұтты.
Сонымен қатар жарыстың екінші күні 1000 метр қашықтыққа жүгіруде Мирас Жақсылық пен Мұхамедияр Әбілахатов бірі – жеңімпаз, екіншісі жүлделі ІІ орынды жеңіп алса, ұлдар мен қыздар арасындағы 4/200 метрге жүгірудегі эстафеталық жарыста қос командамыз жүлделі ІІ орындарды иеленді, жалпы командалық есеп бойынша жерлестеріміз ІІІ орынмен марапатталды.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ