» » Талайды талпындырған қарашаңырақ

Талайды талпындырған қарашаңырақ

qarmaqshy-tany.kz "ЖҮЗ ЖЫРАУДЫҢ ОТАНЫ" АТАНҒАН КИЕЛІ ТОПЫРАҚ ЖЫРАУЛЫҚ ӨНЕРДЕН БӨЛЕК, ҚОҒАМ АТАНҒАН КИЕЛІ ТОПЫРАҚ ЖЫРАУЛЫҚ ӨНЕРДЕН БӨЛЕК, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ДЕ, ТҮРЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ ДЕ ТУҒАН ЕЛІНІҢ ӨСІП-ӨРКЕНДЕУІНЕ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ. ОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА СПОРТ САЛАСЫНДА ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРЫМЕН ТАҢҚАЛДЫРЫП ЖҮРГЕН САЙЫПҚЫРАНДАРЫ БІР ТӨБЕ.
Өңірде күрес түрлерінен жүзден астам балуан әлемдік, халықаралық, республикалық жарыстарда танылып жүргенін білеміз. Жерлестер арасында екі балуанымыз «Қазақстан барысы», бірнеше спортшы Әлем және Азия жеңімпазы атанды. Сонымен қатар штанга, бокс сияқты спорт түрлерінен де жасындай жарқырап, Қазақтың туын дүниежүзі төрінде желбіретті.
Міне, осындай жұлдыздарымызды қолдап, олардың әлемге танылуына бірден-бір жұмыс істеп жатқан аудандағы спорт және денешынықтыру бөлімі мен No15 және No16 спорт мектептері мен спорт клубы.
Осы ретте аудан жастарын спортқа баулып, олардың өмірден өз орнын табуына еселі еңбегімен көрініп жүрген халықаралық дәрежедегі төреші, күрес түрінен спорт шебері, No16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Ғалымжан Ержановпен жүздескен едік.
– Мен басшылық ететін аудандық No16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Жосалы кенті және ауданға қарасты бірнеше елді мекен бойынша жасөспірімдер спорттың 11 түрінен жаттығады. Ал оларды түрлі санаттағы 23 білікті де өз ісінің шебері атанған жаттықтырушы спортқа баулиды. Олар арасында спорт түрлерінен дүбірлі жарыстарда үздік атанып, абырой биігінен көрінгендер де бар. Жеңімпаз және жүлдегер шәкірт баптап, спорттық мансапта жетістікке қол жеткізгені де жетерлік. Атап айтқанда, Мұқанай Таубаев, Қайрақ Рсалдиев сынды аға буын өкілдері өзінен кейінгі әріптестеріне үлгі көрсетіп, олардың жетістіктеріне қуануда. Жастар арасында атап айтар болсақ, Талғат Қанаев тәрбиелейтін қолкүресшілер дүбірлі жарыстарда жеңімпаздар көшін бастап, ұстазының мерейін тасытуда. Биыл шәкіртіміз Нұрасыл Төленді Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өткен Азия чемпионатында және одан кейін Алматы облысы, Талғар қаласында өткен Қазақстан чемпионатында жүлделі ІІІ орынды иемденіп беделімізді көтерсе, Гүлайым Нұрмаханова, Әділбек Кенеев және Әлихан Сағатбеков сынды жас мамандардың шәкірттері де үлкен жарыстарда жеңімпаздар қатарынан көрінді. Бокстан Әділбек Сәндібековтің үкілеген шәкірті Әбдуәли Қыдырбай мен Ислам Ибрагим Жамбыл облысы, Шу қаласында өтетін Қазақстан чемпио натына жолдама алды, – дейді ол.
Сонымен қатар Алматыда дзю-додан өткен облыстық ашық турнирде спорт мектебінің ІІІ Интернационал ауылындағы филиалының жаттықтырушысы Айтеке Әблақұловтың шәкірттері Наурыз Қайыр, Нұрдәулет Сәдубаев пен Нұрислам Өтеп және Айқын Мұстафа, сонымен бірге Ақжол Алмат өз салмақтарында жеңімпаз атанса, Нұрдәулет Нұрланұлы жүлделі ІІІ орынға көтерілді. Аталмыш спорт мектебінің жаттықтырушылары Айтеке Әблақұлов пен Әлихан Сағатбековтың шәкірттері Ердәулет Сәдубаев, Қалбек Темірбаев, Наурыз Қайыр, Нұрдәулет Сәдубаев Байқоңырда өткен «Халықтар достығы» атты жарысқа қатысып, бірі – жеңімпаз, енді бірі – жүлдегер атанған.
Н.Жанәділов.
24 қазан 2022 ж. 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 234

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 337

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930