» » «Алматы марафонының» жеңімпаздары анықталды

«Алматы марафонының» жеңімпаздары анықталды

Оңтүстік астананы дүбірге бөленген  «Алматы марафоны» аяқталды. Шындығында да бұл айтулы мереке болды. Аталған марафонға шетелден және Алматы қаласынан, республиканың түкпір-түкпірінен 14 мыңнан аса адам қатысты.

Ең ұзақ марафон 42 шақырым 195 метр қашықтықта ерлер арасында Ислам Аманғос 1 орынды жеңіп алды. Сәйкесінше, екінші орынды – Ерлан Жанасанов, 3 орынды – Руслан Оглов иеленді.
Қыздар арасында 42 шақырым 195 метр қашықтықта Жанна Момыржанова топ жарып, бас жүлдені жеңіп алды.  Мәреге екінші болып – Айман Радова, үшінші болып – Наргиза Лебедева жетті.
Сонымен қатар,  10 шақырым қашықтықта жүгірген марафоншыларға да арнайы жүлделер табыс етілді. 15-17 жас аралығындағы қыздар арасында 1 орынды – Мәдина Керімова, 2 орынды – Екатерина Иванова және 3 орынды – Әмина Оразбай жеңіп алды.
15-17 жас аралығындағы ұлдар арасында бәсеке қызғылықты болды. 1 орынды – Аманғос Яссауи, 2 орынды – Данияр Орманғали иеленсе, жүлделі 3 орынды – Колумбиядан келген қатысушы Гарсио Кастилья Хуан Себастьян жеңіп алды.
18 және одан да ересектер санатында ерлер арасында Алексей Гусарев, әйелдер арасында – Светлана Саунина көш бастады.
Айта кетер бір жайт,  биылғы марафонның жүлде қоры 1,9 млн теңгені құрайды. Қашықтықтарға жүгірген барлық қатысушылар арнайы медальмен  тмарапатталды. Жеңіске жеткен желаяқтарға тағы бір медаль мен ақшалай сыйақы берілді.
Еркін ҚАЛДАН
22 сәуір 2018 ж. 1 077 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 374
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930