» » » "УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ - 2018" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

"УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ - 2018" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ


 
 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында "Университет аруы - 2018" байқауының ақтық кезеңі өтті. Байқауға барлығы 50 үміткер атсалысып, оның 13-і ақтық кезеңге өткен болатын.
Шараны білім ордасының Жастар ісі жөніндегі комитетінің жанынан құрылған «Қыз Жібек» қыздар клубы ұйымдастырды. Негізгі мақсаты – арулардың арасынан шығармашылығы шыңдалған, жан-жақты білімді тұлғаны анықтау.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің білімдерімен, өнерлерімен қоса, сұлулықтарымен, назды қылықтарымен көрермендерді баурап алды. Сонымен қатар, қазақы салт-дәстүрді жетік меңгергендіктерін де анық байқата алды.
Бірнеше кезеңнен тұратын бәсекелі байқауда Айдана Нұркен - "Зерделі ару", Аружан Таубай - "Мейірімді ару", Дилара Мұхтар - "Қылықты ару", Гүлсезім Ниязбек - "Мінсіз ару", Назерке Жайберген - "Өнерлі ару", Нұрай Ғани - "Асыл ару", Іңкәр Әбдірайымова - "Шебер ару", Ханзада Әлібай - "Сәнді ару", Салтанат Сұлтанбек - "Сүйкімді ару", Дилара Мұхтар - "Көрермендер көзайымы" және Айгүл Нұркенқызы - "Қыз Жібек" номинацияларымен марапатталды.
Сұлулар арасында ерекше көзге түскен арулар жүлделі орындармен марапатталды. Атап айтқанда ІІІ орынды Нұрсая Шоланова, ІІ орынды Айдана Жарылқап, ал жүлделі І орынды Нұрай Ғани жеңіп алды. Ал «Университет аруы - 2018» байқауының жеңімпазы яғни бас жүлдені Мадина Маратқызы жеңіп алды.
Сонымен қатар байқауға 60-тана аса демеуші қолдау көрсетіп, қатысушыларға сыйлықтарын табыс етті.
01 сәуір 2018 ж. 1 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 885
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930