Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Жерлесіміз жарыс жүлдегері

Жерлесіміз жарыс жүлдегері

Биыл Қазақстан және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Ардақты әншіміздің өнегелі өмір жолын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында Сыр бойының барлық өңірінде түрлі мәдени және спорттық, сонымен бірге танымдық іс-шаралар өткізілуде.
Өткен аптаның жексенбісінде Қазалы ауданы орталығында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жастар, яғни 14 және 27 жас аралығындағы жеңілатлетшілер арасында марафон жарысы өтті.
Аймағымыздың барлық өңірінен 100-ге жуық марафоншылар қатысқан дүбірлі жарыста біздің де жерлестеріміз өз бақтарын сынады.
Яғни білікті спорт саласының маманы Алмат Қодаров басқаратын No15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жеңіл атлетика бөлімінің жаттықтырушылары Мұрат Кетебаев пен Рашида Сарбасованың үкілеген шәкірті Данияр Әбілахатов аудан намысын қорғап, жарыс қорытындысымен жүлделі ІІ орынды жеңіп алып, мерейімізді тасытты.
Жүлдең құтты болсын, Данияр!
Нұрбай ӘБІЛАХАТОВ
04 қазан 2022 ж. 812 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031