» » Байрақты бәсекеге – 25 жыл

Байрақты бәсекеге – 25 жыл

Қазақстаннан шыққан Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевты білмейтін жан жоқ шығар сірә. 98 батырдың бірі болған ол, 1941 жылдың қазан айында Отан қорғаушылар қатарына қосылып, соғыстың аяғына дейін барлаушылар бөлімшесін басқарған. Тәйімбет қиядағыны қалт жібермейтін қырағы болған. Ұрыстағы ерлігі майдандастарының жеңіске деген жігерін оятып, жаудың нығайтылған бекінісіне батыл шабуыл жасауға серпін берген. 1943 жылы жерлестері Сарыбаев пен Жарқынбаев үшеуі фашистердің штаб үйіне тұтқиылдан соққы жасап, немістің 12 солдаты мен 2 офицерін қолға түсірген.
Жауынгерлік шеберлігінің арқасында 1945 жылы Глейвиц қаласына бірінші болып басып кіріп, Колхозвица қаласына тікелей шабуыл кезінде жаудың 30 ұясын жояды. Одан кейін сол жылдың 6 ақпанында ержүрек жауынгер Көмекбаев Одер өзенінен өтіп, өз бөлімшесімен Эйхиринд елді мекені маңындағы плацдармды ұстап тұрады. Ванни қаласы үшін болған ұрыста өзі бастаған жауынгерлер жаудың 7 шабуылына тойтарыс береді.
1945 жылдың 10 сәуірінде Т.Көмекбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1-ші Украина майданы өкілдерінің құрамында Мәскеуде болған Жеңіс парады салтанатына қатысады.
1996 жылы батырдың 100 жылдық мерейтойы облыс көлемінде аталып өтті. Сол жылдан бастап Тәйімбет Көмекбаевтың құрметіне спорттық самбо күресінен киелі Қармақшы топырағында жарыстар өткізу дәстүрге айналып, бүгінгі күні ол халықаралық дәрежеге жетті. Ұйымдастырылған спорттық шара әлдеқашан «Мемориал» мәртебесін алды.
Батыр атындағы турнирде алғашқы бабын сынаған палуандар қазір ел мақтанышына айналып отыр. Атап айтсақ самбо күресінен Әлем чемпиондары Қоныс Жетпісбаев, Асхат Шахаров, Ерболат Байбатыров, Азия чемпионы Бауыржан Райсов, Мейіржан Қуаңбаев, қазақ күресінен Әлем чемпионы және «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевтар алғашқы белестерден көрінген палуандар. Одан кейінде талай жас жеңімпаздар жеңіс туын желбіретті.
Осы спорттық шараға Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Маңғолия, Қытай, Беларусия, Ресей елдерінен спортшылардың келуі жарыстың ауқымды екенін айшықтап тұр.
Биыл аталған шараға 25 жыл толып отыр. Жылда 9 мамырда ұйымдастырылатын спорттық жарыс елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты кейінге шегерілді. Алдағы уақытта байрақты бәсекенің туы желбірейтін күн алыс емес.


Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
05 мамыр 2020 ж. 1 941 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 003

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031