» » Спортта да жастардың бар таласы

Спортта да жастардың бар таласы

   Әлемде ең дамыған, жанкүйері көп спорт түрін білесіз бе? Әрине ол футбол. Оны білмейтін де, қызықпайтын жан баласы жоқ шығар. Бүгінде бұл спорттың кез келген жерде беделі жоғары. Шет ел тұрмақ өз елімізде теңбіл допты жақсы бағалайды. Кез келген ойынханаға барсаңыз да футбол ойынына құмартпаған жас бала түгілі ересекті көрмейсіз. Ал ауданда бұл спорт түріне қызығушылық қаншалықты деңгейде? Ахуалы қандай?

Биылғы жылы кентте футбол сүйер қауым үшін жақсы бастама қолға алынып, жарыстарда жеңіс туы биіктен желбіреді. Айта кетейік «Қармақшы аудандық футбол федерациясы» қоғамдық бірлестігі осы жылдың 6 наурызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеуінен өтіп, өз жұмысын бастады. Бірлестіктің төрағасы Әділ Қошалақов болса, орынбасары Самат Қожабаев, хатшысы Дәуіржан Досымханов бекітілген. Аталған бірлестіктің жұмысын бастауға ауданның спорт жанашырлары мен оның дамуына атсалысып жүрген азаматтар себепкер болған. Биыл спорт саласында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер жетерлік. Соның ішінде футбол жарысынан қанжығамыз жүлдесіз емес. Мәселен жылдың басында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен футбол федерациясы бірлесіп футболдан чемпионат ұйымдастырды. Жарысқа мекемелер арасында 8 команда қатысып бақ сынасты. Ондағы басты мақсат – жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыру, спортшылардың шеберлігін шыңдау. Төрт айға созылған тартыста командалар өз шеберліктерін көрсетті. Әр аптаның сенбі күні кездесіп ойын көрсетіп тұрды. Бәсеке мамыр айында мәресіне жетті.
   Әуесқойлар арасында І орынды №15 спорт мектебінің командасы жеңіп алса, ІІ орыннан «Жаңа халық» командасы көрінді. Ал «Денсаулық сақтау саласы» командасы ІІІ орынды қанағат тұтты. Ойын барысында белсенділік көрсеткен ойыншылар арнайы «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Ең үздік гол» деген номинациямен марапатталды. Жүлдегер командаларға және номинация иелеріне «Қармақшы аудандық футбол федерациясының» және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қаржылай сыйлығы мен кубок, медалі табыс етілді.
Жоғарыда айтылғандай біріншілікте шеберлігін шыңдаған жерлестеріміздің биыл айы оңынан туды. Ауданнан шыққан «Қорқыт» командасы мамыр мен қыркүйек аралығында өткен 14 турдан тұратын олыстық VІІ чемпионатында ІІ орынды қанжығаға байлады. Онымен қоса қазан айында өткен «Алтын күз – 2019» облыстық спартакиадасында І орынды жеңіп алып, біріншіліктің «Үздік ойыншы» номинациясымен Мадияр Байшылықов марапатталды. Жарыста жетістікке жетуге демеушің болмаса биіктен көрінуің екіталай. Осындай байрақты бәсекеде аудан спортшыларының жетістікке жетуіне аталған қоғамдық бірлестіктің төрағасы Әділ Үсенұлы мен кәсіпкер азаматтар атсалысты.
    Міне, жыл қорытындысында қармақшылық футболшылар ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже көрсетті. Алдағы уақытта осы шараның жалғасы ретінде мектеп-лигасы басталуда. Ендеше жеңісті күндеріміз көп болсын!


Ерсін СӘДУҰЛЫ
20 желтоқсан 2019 ж. 927 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930