» » ҰЛТТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ

ҰЛТТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ

Мемлекеттік тілдің күнделікті өмірдегі орны мен қолданылуы туралы аз айтылып та, аз жа¬зылып та жатқан жоқ. Алайда, еліміздегі тілдік идеология, тілдік саясат орыс тіліне, орыс тілділердің сұранысын қанағаттандыруға ғана басымдық беруде. Солардың көңілін аулап, бабын тапсақ, елде сыйластық пен келісім орнайды деген қағида үстем болып келеді. Мемлекеттік тілді меңгеруге байланысты қазақстандық қоғам бүгінгі күні тілдік принцип бойынша қа¬зақ тілді және орыс тілді болып екіге бөлінуде. Мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне лайықты болмауының себебі–қазақ халқы тұрғындардың 70 пайызына жуығын құраса да қазақ тілін «ана тілі» ретінде сөйлейтін қазақтардың санының төмен болып қала беруінде. Сондықтан бүгінгі күні тіл саясатын асқан көрегендікпен жүргізу – мемлекетіміздің қалыптасуын және оның қауіпсіздігін жүйелі түрде жүргізудің басты шарты. Тіл саясаты дегеніміз – мемлекетке атау берген, сол елдің көпшілігін құрайтын ұлттың мүддесін қорғау, саны басым ұлтпен санасу. Мемлекеттегі ресми шаралар, ұлтаралық және қоғамдық қарым-қатынастың барлық аясындағы кездесулер тек қана мемлекеттік тілде кедергісіз өткізілуі тиіс. Мемлекеттік тілдің ресми функциясы сол тілдің өзінде болуы тиіс. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі де тек мемлекеттік тіл болғаны жөн. Сонда ғана «Тіл туралы» заңда көрсетілген «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы» болып табылатын мемлекеттік тілді меңгерудің сұранысына, мемлекеттік тілді білу қажеттілігіне, тілдік орта қалыптастырудың алғы шарттарына қол жеткізетін боламыз.
Мемлекеттік тіл – рухани құндылық. Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік  кодексінің 30-бабына, Азаматтық процестік кодексінің 14-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасында қылмыстық және азаматтық сот ici мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi. Ал, қажет болған жағдайда сот iсiнде мемлекеттік тiлмен қатар орыс тiлі және басқа тiлдер қолданылады» делінген.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «2025 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс», – деп нақты атап көрсетті. Демек, Мемлекет басшысы мемлекеттік тілді дамытудың жолын көрсетті. Елбасының осы тапсырмасын орындауда және қазір елімізде демографиялық жағдайымыз түзеліп, мемлекетті құраушы ұлттың саны 70 пайызға көтерілгенін, мемлекеттік тілдің қолдану аясы күннен-күнге кеңейіп, мәртебесі көтеріліп, толыққанды тілге айнала бастағаны иісі қазақ ағайындардың көңіліне қуаныш ұялатары сөзсіз!
Р.БИСЕНОВА,
аудандық соттың бас маманы.    
10 ақпан 2018 ж. 1 291 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031