» » МАЗАРАТҚА ЕРТІП ӘКЕТКЕН ДАУЫС КІМДІКІ?

МАЗАРАТҚА ЕРТІП ӘКЕТКЕН ДАУЫС КІМДІКІ?

Бiздiң ауыл тауға жақын орналасқан. Түнде үйден шықсаң, жақын маңнан қарауытқан тау сұлбасы төбеңнен төне қарап тұрады. Басқаларға қайдам, етегiнен ойын үзiлмейтiн ауыл өзiмiзге қатты ұнайды.
Жаз бойы қозы-лақтар маңырап, балалардың шатты күлкiлерiнен ол жер жаңғырып жатса, қыс мезгiлiнде сырғанақтың дәуренi жүрiп тұрады. Шаналарын көтерген қара домалақтар қырдан ылдиға қарай зуылдап, кеш қарайғанша сол маңайдан шыққылары келмейдi. Тек ата-аналарының айқайынан соң ғана үйлерiне әрең тарайтын.
Сол қыратқа жақын жерде Теңгебай деген кiсiнiң отбасы тұрған екен. Тұрған екен деген себебiмiз, олар үй тұрғызып бол­ған соң көп ұзамай Сайрам жаққа көшiп кеткенде жаңа үй көршiлердiң бақылауына қала берген. Ой, ол үйде кiм тұрмаған дейсiз? Колхоздың парторгi де, ауылға жаңа келген фельдшер әйел де бiраз жыл тұрып, кетiп қалған.
Өткен жылы ол үйге Жуа­лы жақтан бал арасын өсiрушi бiр ағай көшiп келдi. Әйелi, екi-үш баласы бар олар келе салысымен қаңырап бос тұрған үйдi сылап-сипап, әктеп ретке кел­тiрiп, тұрып жатты. Сол бал арасын өсiрушi ағайдың Кәмшат деген қызы бiзбен бiрге оқитын болды. Аудан орталығында тұр­ғандықтан ба, ол қыз орысшаға жүйрiк едi. Ұзын бойлы, арық қыз жүгiргенде алдына жан салмайтын. Мiнезi қарапайым әрi жайдары Кәмшат бiздi жатырқамай ортамызға тез сiңiсiп кеттi.
Осылайша, ауылдың шағын мектебiнде оқып жаттық. Содан қыс ортасында оқыс оқиға болды. Кәмшаттың анасы түн ортасында далаға шығып кетiп, оралмаған. Бiр нәрседен сезiк­тенген үй иесi Жармұқан ағай әйелiн iздеуге шығады. Ол күнi қар қалың жауып, шақпақтың өкпек желi өршелене соғып тұрған. Бүкiл жер-көктi шарлаған Жармұ­қан әйелiн ауылдың ше­тiндегi ескi мазардан табады. Шашы дудырап, жалаң аяқ, же­ңiл көйлекпен шыққан әйелi мазар жанындағы тұт ағашын құшақтап ағыл-тегiл жылап отыр екен... Содан үйiне әкелiп, жылы орап, молда-қожаларды шақырған ғой. Үш күннен кейiн қызуы қайтып, өз-өзiне келген әйелi болған жайды баяндайды.
Түнде дәрет сындыруға шыққан бұл бiр жас баланың даусын естидi. Шырқырап шыққан сәби­дiң үнi тiптi жақын жерден шығады. Сол дауыс әйелдi өзiмен бiрге ертiп кете берген ғой. Көне бейiтке келгенде сәби дауысы мүлде естiлмей әйел сол жерде талып құлайды... Осы оқиғадан соң Кәмшаттың анасы күзде-көктемде құстар келiп қайтқанда қатты ауыратынды шығарды. Қарауылдап отырмаса басы ауған жағына да кетiп қалудан тайынбайды.
– Сол үйден тезiрек көшсек екен, – дейдi Кәмшат мектепке келгенде мұңайып, – Сенесiңдер ме, түнiмен ұйықтай алмай шығамыз. Көзiң iлiнiп бара жатса үйдiң төбесi дүңкiлдеп, әлдекiм­дер көкпар шауып жатқанға ұқсайды. Болмаса бiреулердiң шыңғырған дауыстары шығып, зәреңдi ұшырады. Ондайда көбiнесе шамды жағып қойып атар таңды көзбен әрең атырамыз. Биылғы қыстан шықсақ, әкем көшемiз деп отыр.
Бiр күнi мектепте “Қыз сыны” байқауы өтетiн болды. Күн кеш­кiрiп қалған. Кәмшат жоқ, көрiн­бейдi. Қыздар тықыршып “Бәкен, сен Кәмшатқа барып келшi, үйiң жақын ғой. Ендi жарты сағаттан соң бастамасақ сынып жетекшi­мiз ұрсады” деп қоймаған соң Кәмшатты ертiп келмекшi болып жолға шықтым.
Қалың түскен қарды борпылдата кешiп тау жаққа тым жақын орналасқан Кәмшаттың үйiне келдiм. Келiп, ит шығып қалмасын деген сақтықпен ысқырдым. Бiрақ оныма жауап болмаған соң, жайлап iшке қарай ендiм. “Кәмшат, Кәмшат!” деп айқайласам, оған ешкiм де үн қатпады. Терезе жағынан жағалап өтiп есiгiне келсем құлып тұр. Демек, бұлар үйiнде жоқ екен ғой, қайтайын деп үйдегi терезелердiң тұсынан өте бергенiмде әлдекiм­нiң қараң ете қалғанын байқадым.
“Ой, қу Кәмшат-ай менi көрiп әдейi тығылып қалған екен, ғой” деген оймен терезеге үңiлдiм. Iште май шам жанып тұр екен. Үлкен айна жанында жүзiн терiс бұрған бiр бойжеткен қыз шашын тарап отыр. “Кәмшат, бұл мен ғой. Неге “Қыз сынына” бармадың? Бол, жүр кеттiк. Менi қыздар саған әдейi жiбердi”, – деп те­резенiң сыртынан айқайладым. Бiрақ ол менiң айтқаныма селт етпедi де. Сосын, болмаған соң терезенi тоқпақтадым. Сол сәт шашын терiс қарап тарап отырған қыз маған қарады. Ол Кәмшат­қа мүлде ұқсамайтын едi. Басы денесiнен едәуiр үлкен қоңқақ мұрын, салпы ауыз қыз маған оқтала қарағанда шүңiрек көзi­нен от ұшқындап, салпы аузы­нан үшiр тiстерi ақсия көрiнедi. Ол менi көрдi де мысықтың даусына ұқсас бiр жабайы даусымен шыңғырып қоя бердi...
Сiз сенесiз бе, оқырман, сенбейсiз бе, оны өзiңiз бiлесiз. Ал мен ол жерден қалай қашып шыққанымды бiлмеймiн. Екi аяқтап қаштым ба, төрт аяқтап қаштым ба, бiлмеймiн. Бiр бiлге­нiм, мектепте емес үйде жатырмын. Әжем бәйек болып, аузыма су тамызуда екен. Жамалбек атаны шақырып, дұға оқытыпты. Арада бiраз күн өтiп, өзiме-өзiм келген соң Кәмшаттардың сол күнi азанда көшiп кеткенiн естiдiм. Ал сонда ол үйде шашын тарап, шамды жағып отырған қыз кiм болды екен? Аруақ па, жын-шайтан ба? Оны осы күнге дейiн ажырата алмай келемiн. Әйтеуiр, өзiмнiң аман қалғаныма тәубе етемiн. Болмаса, залалын тигiзiп, аузы-басымды қисайтып кетсе не iстер едiм?


Орынтай КӨМЕКОВ,

Түлкiбас ауданы, Оңтүстiк Қазақстан облысы.

zhasalash.kz 

05 тамыз 2019 ж. 1 023 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031