» » Қазақ анимациясының 50 жылдығына орай пошта маркасы мен ескерткіш монеталар шықты

Қазақ анимациясының 50 жылдығына орай пошта маркасы мен ескерткіш монеталар шықты

«Қазпошта» АҚ «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясы бойынша «Қазақ анимациясына 50 жыл» тақырыбында пошталық марка шығарды. Пошта айналымына енгiзiлiп отырған бұл маркада қазақ мультипликациясының атасы атанған режиссер-аниматор Әмен Қайдаров түсірген «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінің кадрлары бейнеленген.
«50 жыл бұрын Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография институты ВГИК түлегі, жас суретші Әмен Қайдаров көрермен назарына өзінің дипломдық жұмысы – «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» мультфильмін ұсынды. Сол кездері ол қазақ кино өнерінің жаңа бір саласы – қазақ анимациясының негізін қалағанын білмеген де шығар. Алайда, сол кездерден бері бұл жанр көптеген белесті бағындырып, қиындықтарды да бастан кешірді. Сондықтан да, қазақ кинематографиясының өркендеуіне үлкен үлес қосқан хас шеберлердің құрметіне осындай іс-шаралар көптеп өткізілуі тиіс», - деді «Қазақфильм» АҚ президенті Бақыт Қайырбеков.
Бір парағында 6 маркасы бар естелік пошта марка төрт бояулы офсетті баспада жасалған, перфорациясы жоталы. Жалпы марканың өлшемі 140х80 мм, номиналы – 100 теңге. Маркалардың таралымы – 6 000 дана. Аталған марканы поштаның барлық бөлімінен, сонымен қатар «Қазпошта» АҚ сайтынан сатып алуға болады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі номиналы 500 теңгелік «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарды.
Кинокадр ретінде жасалған монеталар 925 сынамасы күмістен жасалған. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан. Монетаның жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілде «Қазақстан Республикасы» және орыс тілінде «Республика Казахстан» деген жазба бар. Төменгі бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамасы және массасын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазба және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген. Сол жағында монетаның жиегінде анимациялық фильмнің экранға шығу жылы – «1967», оң жағында монета соғылған жыл – «2017» орналастырылған.
Монетаның екінші жағында анимациялық фильмнің түрлі-түсті кадры орналасқан. Сол бөлігінде монетаның жиегінде мемлекеттік тілде «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» және орыс тілінде «Почему у ласточки хвост рожками» деген жазба орналасқан. Түсі түрлі-түсті басу технологиясы арқылы орындалған. Монетаның таралымы – 500 дана. Монеталар 2017 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Ұлттық Банктің барлық филиалында сатылымға түскен.
Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құны мен төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.
Естеріңізге сала кетсек, Әмен Қайдаровтың мультфильмі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінің желісі бойынша түсірілген. Бұл мультфильм ең алғаш 1967 жылы Мәскеуде көрсетілді. Балдырған ұл-қыздарымызды адалдық пен мейірімділікке тәрбиелеген көркем шығарма әлемнің 48 елінде көрсетіліп, көптеген халықаралық фестивальде жүлделі орындардан көрінген.
Мультфильм Ленинград қаласында өткен ІІІ Бүкілодақтық кинофестивальдің жүлдесімен, ал 1975 жылы Нью-Йоркте өткен Халықаралық мультфильмдер кинофестивалінде қола Праксиноскоп жүлдесімен марапатталған. Дарынды суреткер Әмен Қайдаровтың қолынан шыққан «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Құрылысшы Қожанасыр», «Күн сәулелі қоян», «Қырық өтірік» сынды басқа да туындылары қазақ анимациясының тарихында алтын әріптермен жазылған.
2011 жылы қыркүйек айында өткен VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде «Қазақфильм» киностудиясының территориясында орналасқан Жұлдыздар Аллеясында суретші, кинорежиссер, Қазақ КСР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тарлан-2002» Тәуелсіз жүлдесінің иегері, КСРО кинематографистер одағының мүшесі, суретшілер одағының мүшесі, профессор Әмен Қайдаровтың құрметіне естелік тақта орнатылған.
2013 жылдың 18 қыркүйегінде IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған Әсия Байғожинаның «Әмен Қайдаров. Ертегі хикаялары» атты деректі фильм жарық көрді. Сол жылы желтоқсан айында Әмен Қайдаровқа «Қазақ анимациясының дамуына қосқан үлесі және жеткен жетістіктері үшін», «Алтын адам» жүлдесі табысталды. Талантты режиссер 2015 жылы 92 жасында дүниеден өтті.
15 қаңтар 2018 ж. 8 675 1 064
Пікір қалдыру

Пікір 1 064

buy viagra professional от 9 сәуір 2021 14:11

online pharmacy от 9 сәуір 2021 20:43

natural viagra от 10 сәуір 2021 18:17

online pharmacy reviews от 10 сәуір 2021 19:23

online drugstore от 10 сәуір 2021 21:17

canadian pharcharmy online от 11 сәуір 2021 14:48

canadian online pharmacy от 11 сәуір 2021 15:41

order viagra online от 11 сәуір 2021 19:54

canadian pharmacies mail order от 11 сәуір 2021 19:56

viagra canada от 11 сәуір 2021 23:27

bestpharmacyonline.com от 12 сәуір 2021 04:17

canadian online pharmacy от 12 сәуір 2021 08:29

viagra professional от 12 сәуір 2021 11:17

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031