» » Қазаннан қақпақ кетсе...

Қазаннан қақпақ кетсе...

Қазір жаз мезгілі. Ал жаздың сәні – суға түсу. Күннің ыстығында бір сергіп, шомылып шыққан жақсы-ақ. Қаладағы жағажай мен бассейндердің кәсібі алға басып, наны жүріп тұр. Отбасылық демалыс деп үлкен де, кіші де ұл-қызы, жақын-жуығымен суға шомылуға баруды құп көреді. Дұрыс. Ең жақсы демалыс бұл. Бірақ жан сергітер сәт ұйымдастырамыз деп көптің көзінше ашық-шашық киініп, ұят пен иманнан алыстап кетпедік пе? Кім осыны бағамдап көрді?
Инстаграм желісін ашсаңыз жас қыз-келіншектердің бассейнге түскен, жаға­жайда жатқан суретінен көз сү­рінеді. Халықтың әлеуметтік желіге қызығушылығы күн сайын артып отыр­ғанын білеміз. Бұрын тек жас пен орта тұстағы азаматтар белсенділігі байқалса, қазір үлкендер де қолданады. Демек жүктелген суретті баласы да, әке-анасы да, ата-енесі де қарап отыр. Суға түсуін түстік. Оны жалпақ жұртқа жария етудің қаншалықты қажеті бар? Бұл демалысын мақтан ету ме? Суретті жариялағанына ұялмақ түгілі қызармайды да. Керісінше көруге сіз ұяласыз. Әйел азса – ұрпақ азады. Пайғамбардың өзі әйелдерін көзі соқыр адамнан қызғанған. Зағип жан есіктен енгенде Пайғамбарымыз әйелдеріне:
– Орамалдарыңды тағыңдар, – деп бұйрық береді.
Сонда әйелдері:
– Уа тоба, оның көзі соқыр емес пе? – депті.
– Оның көзі көрмегенімен сендердің көздерің көреді, – деп соқыр адамның алдында да орамал тағуын бұйырған.
– Әйелдің өз үйінен басқа жерде ұятты жерін көрсететіндей киінуі тыйым салынған дүние. Қазақ даласында әлі күнге тек әйелдер суға түсуге арналған монша болмауы осыдан. Бассейн мен жағажайда мүлде суға түспесін деген қағида жоқ. Бірақ әдептілік сақтап, тізеден төмен, кеудені жабатын жамылғымен шомылу абзал, – дейді имамдар.
Алайда бассейн иесі киіммен түсуге рұқсат бере ме? Кәсіп иесі бассейн ашарда тұтынушының жағдайын ойлап, мұсылман екенін ескеру қажет. Тұтынушы «Біз киіммен түсеміз», «ұят болады» деп мүмкіндік жасауды сұраса, кәсібінің алға басуына кедергіні жоюға тырысар ма еді? Кім білсін. Бірақ бізде мұндай талап жоқ.
Осы мәселе төңірегінде дін не дейді? Оны аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Жақсыбек қажыдан сұрап көрдік.
– Мұсылманның әдепсіз іске баруы иманының әлсіздігін, ата-анадан алған тәрбиесін көрсетеді. Жүсіп Баласағұн «Есті әйелдің етек жеңі кең келер» деген. Ұятты жерді жауып жүру – Исламнан. Аталарымыз «Ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым» дейді. Қазақтың бар даналығы шариғатпен астасып жатыр. Сондықтан ұят – адам баласын жағымсыз істерден аулақ ұстайтын, жақсылыққа итермелеп, жамандықтан жирендіретін бойдағы асыл қасиет. Ұяты жетімсіреген қоғамның қарты қадірсіз, жастары әдептен үмітсіз. Бүгінгі күннің ұяты басқа. Ер азамат бай болмаса ұят. Әйел басына ақ орамалын салып, етек-жеңі ұзын көйлек кисе ұят. Кедей-кепшікпен дастарқан басында бірге отыру абыройға дақ. Ұят түсінігі түп-тамырымен ауысып кетті. Той-томалақта тілек айтып «алып қоймасаң» масқара ұят. Әрине көпке топырақ шашуға болмайды. Бірақ былай жалғаса берсе жақсы болмайтынын бәрі біледі, – дейді келешегіміз үшін алаңдайтын Жақсыбек Әбенов.
Бұрын аналар етегіңді жап деп, тырыс­тырмай киімнің кеңдеуін кигізетін. Шашты желбіретіп жаймай, түйіп жүруді қадағалап отыратын. Ал бүгін заманауи аналар сол тырысқан киімді өздері киіп алған жоқ па? 60-тан асқан әженің ақ жаулықсыз жүргенін бірен-саран кезіктіретін едік. Қазір олар екі күннің бірінде сән салонына барып, шаш пен қас боятып, тырнақ егетіп жүр.
Адам баласының нағыз адамшылығы оның ұятының өлшемінен көрінеді. Егіннің көктеуі үшін су қандай маңызды болса, адам өмірінен ұяттың алатын орны да сондай. Егер адамнан ұят кетсе, екіншісі бірге кетеді. Заманның ағымы солай деп өзімізге тән қазақы болмыс, әдеп пен ибадан алыстасақ, келешек бізді кешірмейтініне күмәніңіз болмасын.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
20 тамыз 2019 ж. 950 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 73
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031