» » ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТІ

ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТІ

Жылына бір мәрте келетін Қадір түні жайлы не білеміз? Қадір түнінде қандай тілек тіленеді? Оның амалы қалай жасалады? Жаратқан иеміздің сансыз шүкіршілігі мен қайырлы мезіретін мұсылман қауым қалай қарсы алуда?
Жалпы ораза – жылдың әр мезгіліне түседі. Ал, биыл көк­темнің мамыражай мамыр айы­на дөп келуі – ораза тұтушының жағдайына жайлылық әкелген-ді. Тәуелсіздіктің халқымызға бергені көп. Соның бірі – асыл дінімізбен қауышып, имандылыққа аяқ басуымыз. Ислам дініне деген құрмет пен қошемет, Жаратушы Жаппар иеге деген мейірбандық сезімі жылдан-жылға артып, Рамазан айында ораза ұстаушының да қатарының көбейгені кімнің болса да деніне қуат, руханиятына дем. Қадір тү­нін қалай қастерлеп жүрміз? Бұл түннің мың айдан не себепті артықшылығы бар? Құран Кәрімде «Қадір» сүресі бар. Сүре қысқа болғанымен оның адам баласы үшін пайдасы өте зор. Жалпы Қадір түні – абырой мен ұлылықты білдіреді. Қадір – аса қасиетті, мың айдан артық ұлық кеш. Бұл күні бүкіл періште Раббымыздың рұқсатымен барлық іс үшін жер бетіне түседі. Қадір түнінде пенденің пешенесіне тағдыры жазылады.
– Алланың разылығы үшін ғибадат құлшылығы жасалады. Намаз оқылып, Хақ Тағалаға деген сүйіспеншілік артады. Сол үшін де оны таңға дейін тілек тілеумен өткізіп, Аллаға салауат айтып, бізге бейбіт өмір, тыныштық сыйлағаны үшін шүкірлік еткеніміз абзал. Отбасында да қарсы алуға болады. Мешітке барып, имамның насихаты мен уағызын жан қалауымен тыңдап, жүректі нұрға толтырсаң – тіпті де керемет, – дейді «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Жақсыбек Әбиұлы.
Қадір түнінің басты белгісі – бейбітшілікпен сүйіншіленетіні. Мұсылман үмбетінің жүрегіне са­бырлық орнап, жаны рахатқа ке­неледі. Сайд ибн Мансурдың келтір­ген риуаятына қарағанда, Рамазан айында азғырушы шайтанның адамға жамандық жасауға қауқары жетпейді. Аяқ-қолы тұсауланып, пендені дұрыс жолдан тайдыруға шамасы келмейді. Мұнан бөлек, Қадірлі түнінде барлық іс белгіленіп, адамның тағдыры жазылып, ырзық-несібесі айырылады.
– Қадір түнінің қасиетіне келсем, бұл түнде құлшылығын арттырған пенде Алла Тағалаға ғұмыр бойы құлшылық еткен болып есептеледі. Әр жылғы құлшылықты қосқанда, адам баласының жасаған құлшылығын таудай етіп елестетуге болады. Міне, осылайша қасиетті түнде жердің беті Хақтың сәлеметіне бөленіп, ізгіліктің өркен жаятын шағы. Бізге жеткен бір риуаятта: «Алла Елшісі Қадір түні Сидратул-Мунтаһадан барлық періште, оның ішінде Жебірейіл де жерге түседі. Олар сәлем бермеген мүмін еркек пен әйел қалмайды. Тек ішімдік ішкен, доңыз етін жегендерден тыс» деп хабарланады. Сол секілді періштелер барша мұсылманды Алланың оларға деген кешірімі мен мейірімін сүйіншілейді. Бұл жөнінде «Қадір» сүресінің 5-аятында: «Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады», – дейді имам.
«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» демекші, пенде кемшіліксіз болмайды. Сондықтан бұл – Қадір түнінің артықшылығына сеніп, жасаған күнәсі мен кем­шілігіне кешірім тілеген жанның кешірілетін айы. Алланың пендесіне берген осынау зор мүмкіншілігін аудан халқы да бос жібермеді. Қадір түнін жақсы бір белгіде қарсы алды. Оған үлес қосып, үлкендермен қатар, жастар, балалар да мешітте тілек тілеп, құлшылығын арттырды. Бір ай бойы Алланың разылығына бөлену жолында кейбір азаматтарымыз сауапты істер істеп, көпке үлгі-өнеге болды. Мешіттерде бір­қатар қайырымдылық шарасы ұйым­дастырылып, уағыз айтылды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
03 маусым 2019 ж. 1 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031