» » Қызылордада құрылыс материалының өндірісі пәтер бағасына әсер етті

Қызылордада құрылыс материалының өндірісі пәтер бағасына әсер етті


 
Еліміздегі тұрғын үй бағасы ең арзан 5 қаланың бірі Қызылорда. Бүгінгі күні мұндағы баспаналардың бір шаршы метрі 135 мың теңгеден сәл асады, деп хабарлады «24 хабар».
Сарапшылардың пайымдауынша, соңғы жылдары өңірде тұрғын үй бағасы 2 процентке дейін төмендеген. Жұмыс қарқыны мен жергілікті құрылыс материалдарының көптеп өндірілуі айтулы көрсеткіштің жақсаруына тікелей ықпал етіп отыр дейді мамандар.
Қаратаудың қиыршық тасынан әк, цемент шығара бастаған Сыр өңірінде соңғы жылдары құрылыс материалдарының түр-түрі өндіріле бастады. Мәселен, қала маңындағы Бесарық ауылының сапалы сазынан күніне 100 мың дана кірпіш дайындалады. Алып зауыттың өніміне биыл сұраныс еселеп артып отыр. Тіпті сары қышты пештен шыққан бойда сатып алып кетіп жатыр екен.
Дәулет Сәрсенбаев, зауыт директоры:
- Былтырғы жылдары Атырау, Жезқазған, жан-жақтан көрші қалалардан сұраныс болған. Биыл енді Түркістан қаласы, Қызылорданың сол жағалауындағы көтеріліп жатқан жаңа мөлтек ауданнан сұраныс болып жатыр. Одан бөлек «Бәйтерек» мөлтек ауданынан сұраныс болып жатыр. Биыл кірпішке сұраныс көп. Қала бойынша құрылыс жақсы жүрып жатыр.
Жалпы Сыр өңірінде осындай 70-тен астам мекеме құрылыс материалдарын өндіреді. Олар темір бетон, кірпіш, қиыршық тас, асфальтпен қатар түрлі химиялық, пластикалық өнімдер шығарады.
Арнұр Нұрмағанбетов, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:
- Облыс бойынша іске асырылған әлеуметтік сала нысандары мен тұрғын үй құрылысында мердігерлермен пайдаланылған құрылыс материалдарына талдау жүргізілді. Енді талдау нәтижесімен 85 проценттен астам құрылыс материалдары отандық тауар өндірушілерден сатып алынатындығы көрсетіп отыр. Дегенмен бірқатар құрылыс материалдары көрші облыстардан, көрші елдерден де жеткізіледі. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына байланысты ай сайынғы орындалу актілерімен қоса әр мердігер мекеме жергілікті қамту үлесі бойынша тапсырыс берушіге есеп ебру міндеттелген.
Айта кетейік, өткен жылы облыста 700 мың шаршы метрді құрайтын 1 мың 222 пәтерлі 56 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал соңғы 6 жылда өңірдегі баспанамен қамту көрсеткіші 2,5 есе артқан. Ал биыл аймақта 720 мың шаршы метр тұрғын үй мен 300 шақырым инженерлік жүйенің құрылысы жүріп жатыр.

22 мамыр 2019 ж. 959 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 355

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930