» » » ҚАРМАҚШЫДА ЖАСАЛҒАН

ҚАРМАҚШЫДА ЖАСАЛҒАН

Ауданымызда құрылыс материалдарының бірі - пескоблок қышын өндіретін зауыт бар. Бұл зауытты бірі білсе, бірі білмейді. Осындай бәсекелестік заманда қатарынан қалмай, ортасынан оза шыққан Қайрат Жұмалиев шағын зауыттың жұмысына бар күшін салды. Еңбек босқа кеткен жоқ. Қазіргі күні түрлі тапсырыстар қабылдап кәсібін дөңгелетуде. Мақтауға да, мақтануға да тұрарлық жайт. Себебі бұл өнім- Қармақшыда жасалған.
Алдымен пескоблок дегеніміз не? Қысқаша тоқталып кетсек. Пескоблок цемент, құм және кариер қиыршық тасын араластырып жасалынатын құрылыс материалы.От пен суға төзімді. Ол 60-70 жылға дейін жарамды, жылуды бойында ұстайтын құрылыс материалы.
Кенттегі бұрынғы механикалық зауыт алаңында орналасқан өндіріс орнын өз көзімізбен көріп қайтуға бел байладық. Есіктен кіре бергеніміз сол еді, ат шаптырым жердегі қайнаған қызу тірліктің ортасына түстік. Біреудің біреуге қарауға уақыты жоқ. Бірі су тасып, бірі қоспаны араластырып, енді бірі құйманы қалыпқа құйып жатыр екен. Тіпті, біздің кіріп келгенімізді де аңғармады. Бізді осы зауыттың аға шебері Данияр Жұмалиев қарсы алды.
- Бұл өндіріс орнын жалға алып отырмыз. Осы кәсіпті ағам екеуміз өзіміздің азғантай қаржымызбен бастадық. Әрине, баста қиыншылық болғаны рас. Қазір бәріне ептеп үйрендік. Зауытта 5 жұмысшы бар. Барлығы дерлік нағыз мамандар. Әзірге, пескоблоктың 20х40см көлемін өндіреміз. Арнайы қалып бар. Өнімнің бағасы - 150 теңгеден. Әр ауданнан, ауылдардан тапсырыс қабылдаймыз. Кенттегі көптеген жерлерді өнімімізбен қамтамасыз етіп отырмыз. Шүкір тапсырыстар жетерлік, Әсіресе, Байқоңыр мен Қазалы аудандарынан тапсырыс көп түседі. Тапсырыстың 70 пайызы Байқоңыр қаласынан десем де болады. Өзіміздің жеке Камаз көлігіміз де бар. Сонымен жеткізіп береміз. Біздегі техниканың бәрі Ресейден әкелінген,- дейді кәсіпкер.
Зауыт жұмысшылары жаздың ыстығына шыдап, күндіз-түні тынбай еткен еселі еңбектің арқасында көптің көңілінен шығуда. Аға шебердің айтуы бойынша осы уақыт аралығында тұтынушылар тарапынан еш шағым түспеген. Бұл да бір еңбектің еленгені.
- Негізінен бұл пескоблокты үй, гараж, сарай салуға пайдаланады. Ракушка мен кірпішке қарағанда жылы. Кез келген жағдайға төзімді. Ендігі бір ойымыз - брусчатка шығару. Оған қажетті құрал жабдықты да сатып алып қойдық. Жақын арада бұл жұмысты да бастайын деп отырмыз. Тағы да қатарымызға бес жұмысшы қосқымыз келіп отыр,- дейді шебер.
Зауыттағы жұмысшылар да басшысының адалдығы мен әділдігіне дән риза. Маңдай термен, толассыз еңбектің арқасында келген нан қашанда тәтті.
Аман Жалғасбаев, аудан тұрғыны:
- Бұл зауыттың жұмыс істеп келе жатқанына көп уақыт бола қойған жоқ. Сонда да сапалы өнім шығарып жатыр. Қазір құрылыстың уақыты екені белгілі, менде сарай салайын деп пескоблокка тапсырыс беріп, алдырғанмын. Өздері жеткізіп береді, көлік жалдап әуре болмайсың. Ауданымызда осындай материал шығаратын зауыттар көп болғаны жақсы.
Түйін:
Тапсырыс берушінің қалауын орындап, әрбір адамның жеке көзқарасын ескеру- үлкен шеберлікті қажет етеді. Бірлігі жарасқан ортада қашанда берекелі дүние шығары айтпаса да айқын. Ел пайдасы үшін қызмет етіп жүрген жандарға тек еңбегінің жемісін көру жазсын! Өзіміздікін өзекке теппелік, ағайын!
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
14 тамыз 2018 ж. 1 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 097

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031