» » ТОПЫРАҚ АЛУДЫҢ ДА ТАЛАБЫ БАР

ТОПЫРАҚ АЛУДЫҢ ДА ТАЛАБЫ БАР

Жаз айының да ортасы келіп жетті. «Тірі жан тіршілігін жасайды» дегендей, қазір жылдағы дәстүрмен ауданымызда құрылыс жұмыстың қызған шағы. Бірі жаңадан заман талабына сайы үй-жай салып жатса, енді бірі өзі тұрып жатқан тұрғын үйіне жөндеу жұмысын жүргізуде. Барлығы да қызу тірлік үстінде. Бірақ, кенттің кей тұрғыны құрылысқа қажетті материалдың ең қажеттісі құмды екінші кезекке қояды. Бұрындары шеге құм, саз, жай құм дегенді кенттің сыртынан кез келген жерден қазып ала беруші едік.Қазір ше? Енді ондай істей алмайсың. Неге? Міне, екі жылдың шамасы болды. Сол баяғы тегін жатқан құмды да сатып алатын болдық. Сатып алып қана қоймай, оны арнайы құм алуға арналған орын арқылы сатып аламыз.
Әрине, осы орайда ең басты мәселе құмды қайдан, қалай аламыз деген сауал туындайды.
Расында да, «Судың да сұрауы бар» дегендей, құмның да сұрауы бар екен. Осы ретте, үй-жай салуды жоспарлаушыларды толғандырып жүрген сауалға жауап іздеп «Қармақшы құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әділет Қаршығаны сөзге тарттық. – Құм алу алаңы Жосалы кенті орталығынан 2-3 шақырым жердегі «Сарыөзек» көлінің маңында орналасқан. Ол жер арнайы құзырлы орындарынан тексерістен өткізіліп, оның сынамасы да құпталған. Бүгінде сол алаңға құм алуға барсаңыз, бір құм тиегіш, бір құм тасығыш автокөлік кент тұрғындарына қызмет көрсетеді. Алаңнан саз және шеге құммен бірге жай топырақты да алуға болады. Қандай да болмасын көлікке тиеу және тасымал бағасы әр көліктің жүк көтермесіне және жүк жеткізілетін арақашықтыққа байланысты. Мысалы, кенттің бірінші бөлігіне 2 мың теңге, алысырақ болса 2500 теңгеден болса, кенттің екінші бөлігіне, нақтырақ айтқанда теміржолдың арғы бетіне 3 мың теңгеден тасымалданады.Тұрғындар өздерінің жеке көлігімен де қажетті құм-сазын алып кетіп жатады. Біз әрдайым тұтынушылардың сұранысын тез әрі сапалы қанағаттандыруға жұмыс істейміз, –дейді ол. «АНК-Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандарының айтуынша бұл мекеме кенттің солтүстік бетінде орналасқан карьерден алынатын қиыршық тасты арнайы құрал-жабдық арқылы өңдеп, құрылысқа қажетті шеге құм өндіреді екен. Міне, осындай өндіріс орнының да сапалы қиыршық тасы мен құмына тек аудан тұрғындарының ғана емес, көршілес аудандардың да сұранысы жоғары. Аудандық жер қатынастары бөлімінің бізге берген мәліметіне сенсек, өңірімізде жалпы 144,91 гектар жер бойынша 5 заңды тұлға жер қойнауын пайдаланып, құм және саз өндірумен айналысады екен. Оның ішінде, «АНК-Дәулет» ЖШС-і – 23 гектар, «Казқум-Ордазы» ЖШС-і – 31,59 гектар, «Береке-Оңтүстік» ЖШС-і – 39.5 гектар, «Мир-2001» ЖШС-і – 39,3 гектар жердің құмын өңдеп, сату жұмыстарын атқарып жатқан болса, ал «Қармақшы құрылыс» ЖШС-і – 11,52 гектар жердің сазы мен шеге құмын, сонымен бірге жәй топырағын өңдеп, заңды және жеке тұлғаларға сатуда.
Енді бір айта кетерлік жайт, сол сұрауы бар құмды да ұрлап сатушылар да кездеседі. Бірақ, олар арнайы құқық қорғау органдары тарапынан жазаға тартылуда. Нақтырақ айтқанда оларға есертулер жасалып, түрлі көлемде айыппұл төлетуде.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
17 шілде 2018 ж. 2 125 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 05:53
Free Viagra Samples viagra vs cialis Generic Bentyl Cheap Viagra Y Epilepsia Priligy Sample

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031