» » ҚҰЖАТТАР ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҚҰЖАТТАР ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Сәрсенбіде аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық архив бөлімінің ұйымдастырумен семинар-кеңес өтті. Семинарды аудан әкімінің  орынбасары Е.Меңлібаев жүргізді. Жиынға «Қызылорда облысының  мемлекеттік  архиві» КММ-нің  қоғамдық-саяси  тарихы филиалының басшысы  Г.Ахметова, «Қызылорда  облысының  мемлекеттік архиві» КММ-нің қалалық филиалының  қойма меңгерушісі А.Абдыкалыкова, Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің  бөлім  меңгерушісі Ж.Алтынбаева, аудандық архив бөлімінің басшысы Г.Іздібаевалар қатысты.
Алғашқы сөздің тізгінін аудандық архив бөлімінің басшысы Гүлжамал Іздібаева алып, аудан  бойынша мемлекеттік ұйымдардағы  іс жүргізу және құжаттардың  сақталу  жағдайы туралы  баяндама  жасады. Сонымен  қатар аудандық архивте сақтауда тұрған  құжаттар құрамына, жеке тектік құжаттарға, фото құжаттарға, «Цифрлы  Қазақстан» кешенді бағдарламасы  аясында  құжаттар сандық форматқа көшіру жұмыстарына, жеке және  заңды тұлғалардың өтініштеріне тоқталып өтті.
Мұнан соң қатысушылар жеке құрам  бойынша құжаттардың  бұйрық кітаптары,  еңбекақы есептеу  кітаптары, міндетті  зейнетақы жарналарын  аудару  бойынша қызметкерлердің  тізімдері  мен төлем тапсырмалары, міндетті  әлеуметтік төлемдер  бойынша  қызметкерлердің  тізімдері мен төлем  тапсырмалары жайында сөз етті.
Жиын соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, мекеме қызметкерлеріне жұмыстың жүйелі жүргізілуі тапсырылды.

Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».

17 мамыр 2019 ж. 1 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 215

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930