» » БОС БЕСІКТІ ТЕРБЕТПЕ

БОС БЕСІКТІ ТЕРБЕТПЕ


Ағаштан түрлі тұтыну бұйымдарын жасаймын. Соның ішінде кептірілген қарағайдан жасаған бесігім көптің көңілінен шықты. Бірінен-бірі көріп тапсырыс бере бастады.  Ертеректе бесік жасауды ешкім кәсіп қылмаған. Сыр талынан иіп бесік етіп, оны жақын адамдар бір-біріне сыйлаған. Өс, өн, ұрпағың көбейсін деген ниетпен. Кіршіксіз, жаны да, тәні де таза нәрестенің жайлы төсегі болып саналар бесік ешуақытта құтын жоймаған, жоймайды да.  Бесік саудаланбайды деуі де содан. Ол баға жетпес байлық, қасиетті де құтты мүлік. Әр үйде арғы атамыздан бері сақталып келе жатқан бесіктер бар. Үлкендер ырымдап, ата-әкелерінен қалған деп қадірлеп баласын арнайы сол бесікке бөлеп жатады. Қазақ халқының бесікті қадірлейтіні соншалықты, атасы жатқан бесік немере, шөбере, шөпшегіне дейін қастерлі мүлкі ретінде сақталып, сол бесікке бөленіп,сол бесіктен ержетеді. Жас емеспіз. Түрлі жағдайдың куәсі болып жүрміз. Жас шетінеген сәбидің бейітіне бесігін қоса апарып тастайтынды да көз көрді. Сондайда жүрегім жылап тұрады. Ондай жағдайға жетпеуіміз керек, бесікті кез келген жерге тастауға болмайды. Егерде бала бөленбеген жағдайда, оны биіктеу жерге алып қою керек. Бесікті бос тербетпеген. Бос бесіктің бетін ашық қалдырмаған. Ата-бабаларымыз нәрестені тіл көзден, пәлекеттен сақтасын деп, ырымдап бесіктің басына, арқалығына үкі таққан.
Марат Үсенов,
ағаш ұстасы:
22 сәуір 2019 ж. 2 086 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031