» » Көктем келді дегенше, аллергия келді десейші...

Көктем келді дегенше, аллергия келді десейші...

Көктем жылдың ең керемет мезгілі. Бұған келісетін шығарсыз. Ағаштар бүршік атып, жерге көк шығып, табиғаттың сәні кірмей ме?! Көктемде әр адам өзінше құлпырып, қуаныш пен жағымды жаңалық күтетіні рас. Дегенмен бұл мезгіл кей адамға аса ұнай қоймайды. Мұның басты себебі - аллергия. Аллергия инфекция емес, ол бір адамнан екінші адамға жұқпайды. Ол жылдың кез келген уақытында пайда болуы мүмкін, алайда адамның көп бөлігі онымен көктемде ауырады. Міне, көктем басталғалы екінші ай. Өкінішке орай соңғы жылдары бұл мезгілде маусымдық аллергияға ұшырайтындар саны көбеюде.
Қашан көрсең де мұрны бітіп, көзі жасаурап, мазасы кететін адамдар бар. Оларды аллергия ауруының «құрбаны» деуге де болады. Адам ағзасында иммундық жүйе төмен болатын болса, денге кері әсер ететін аллергияға бейім келеді. Қазіргі кезде аллергия өте жиі кездесетін аурулардың қатарында. Орта есеппен алғанда әрбір үшінші адам аллергиядан зардап шегеді екен.                                                                      
Аллергияны көп жағдайда суық тиюмен шатастырып жатады. Басты айырмашылығы – аллергия кезінде дене қызуы болмайды. Аллергиялық тұмау көбінде тұрақты түшкіру мен мұрынның қышуы, көздің қызаруымен қоса жүреді. Бір өкініштісі, аллергия араға жыл сайын мазалап, ұлғая береді. Мәселен алғашқы жылы бір жеті ауырған болса, келесі жылы екі жеті осылай жалғаса береді. Тіпті аллергиямен ауыратындардың баласы да осы дертке бейім келеді екен. Демек, бұл тұқым қуалайды. Соңғы жылдары жаңа туған сәбиде де аллергия байқалады. Бұл баланың әке-шешесінен тараса керек.
Аллергия болуының басты себебі – ағаш пен өсімдік тозаңының көбеюі. Көктемде өсімдіктің 100-ден аса түрі гүлдейді. Тозаң ауаға тарайды. Мұрын бітелу, жөтел, көз астында ісуі, сулы көз, түшкіру секілді белгілерден аллергия екенін бірден аңғаруға болады.
Аллергиямен ауырып жүрген Ермек Ахметов: - Аллергиямен күресіп келе жатқаныма 5 жыл болыпты. Әдепкіде тек көктемде басталатын. Кейіннен қыста да, жазда да мазалайтын болып алды. Мұрным бітеліп, түнімен ұйықтай алмаймын. Мұрын ашатын «Нафтизин» дейтін тамшының көмегімен ғана түнімен ұйықтап шығамын. Істемеген нәрсем жоқ. Дәрігердің кеңесімен дәрі-дәрмек те қабылдадым. Қазақы ем-домда жасадым. Бірақ оң нәтиже бермей келеді. Елімізде осы аллергияның емі табылса екен. Қаншама адам осы бір аурудан құтылар еді-ау,-дейді.
Аллергияға жол бермес үшін дұрыс тамақтанып, дәрумені мол тағамдарды жеген жөн. Әсіресе, Д дәрумені мол тағамдарды тұтыну керек. Күн сайын кем дегенде 10-15 минут күн сәулесінен Д дәруменін алу ағзаға да пайдалы. Сонымен қоса ашық түсті киім киюден бас тартқан дұрысырақ. Себебі, шаң-тозаң ең алдымен қызылды-жасылды киімдерге қонады екен.
Мамандар қандай кеңес береді?
  • Мамандар далада таңғы 6-дан 10-ға дейін жүрмеуге кеңес береді. Өйткені осы уақытта өсімдіктер тозаңды көп бөледі.
  • Қала сыртына, өсімдігі көп жерге шықпау.
  • Серуеннен соң киім ауыстыру.
  • Көшеде қара көзілдірікпен жүру.
  • Тозаң түсетін затты ұстамаған дұрыс. Ал егер шаңсоңғырғыш пайдаланатын болсаңыз ылғалды маска киіп алыңыз.
  • Көшеден үйге келген соң душқа түсіп, шашыңызды жуыңыз.
Түйін. Соңғы уақытта елімізде аллергия құрбандары шет ел асып емделеді. Біздің еліміз аллергияны емдеуге қауқары келмей ме деген ойда қаласыз. Барушылардың дені  көршілес мемлекеттегі Ташкент қаласына барады. Өзбекстан елінде медицинаның жақсы дамығаны баршамызға белгілі. Алайда  біздің ел де бұл дертпен күресуге жағдай жасауы тиіс.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы»
04 сәуір 2019 ж. 2 063 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 278

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 374

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930