» » ПАРТИЯ ОТЫРЫСЫ

ПАРТИЯ ОТЫРЫСЫ

Жуырда Байқоңырда «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың Астана қаласында өткен партияның кезекті ХVIII съезінде ел әлеуетін арт­тыруға байланысты партия алдына қойған міндеттері халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр қалалық филиалының төрағасы С.Қожаниязовтың төрағалығымен актив отырысы өтті.
Активте Серік Салауатұлы съезде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға арналған іс-шаралар қабылданғанын және аз қамтылған көпбалалы отбасыларды әлеуметтіқ қамқорлық көрсетуге ерекше көңіл бөлінгеніне мысалдар келтіре отырып, партия тарапынан жоспарланған жұмысты саралады. Сонымен қатар, 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасы қабылданғанын айтты.
Отырыста партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Бекпанов съезде Мемлекет басшысы атап өткен «Бақытты отбасы» жобасында  қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілетінін, «Құтты мекен» жобасы алдымен ауылдық жерлердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталғанын, «Ауыл – ел бесігі» жобасы ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын ашып, еңбек етуге жағдай жасауды көздейтінін, ал «Халыққа көмек» жобасы «Бірыңғай әлеуметтік терезелер» арқылы халыққа жедел әрі нақты көмек көрсетілуін қамтамасыз ететінін жеткізді.
Отырыста актив мүшелері К.Үйреков, Ә.Дәуленбаев, Е.Қалиев, Ә.Сәденова, Ғ.Сәрсен жаңа бастамаларға қолдау білдіріп, ойларын ортаға салды.
21 наурыз 2019 ж. 810 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 385
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930