» » Апат сақтанғанда сейіледі

Апат сақтанғанда сейіледі


Биылдың өзінде облыс бойынша автокөліктегі 22 өрт оқиғасы тіркелген. Бірі – электр сымының тұйықталуынан болса, енді бірі – жүргізушінің немқұрайлығынан. «Апат айтып келмейді». Қауіпті болдырмас үшін қарекет керек.
Осыған орай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ав­то­көліктегі өрт қауіпсіздігін сақтау ба­ғы­тында "Қауіпсіз автокөлік" акциясын өткізді. Мақсат – келеңсіз оқиғаның алдын алу.
– Әсіресе өрттің негізі – электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан орын алады. Оны болдырмау үшін жеке автокөлікті техникалық түзу күйінде сақтап, зауыт нұсқаулығының талаптарына сәйкес пайдалану керек. Техникалық қызмет көрсету, сонымен қатар өрт қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау қажет, – дейді аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға майоры Еркін Назарқұлов.
Аталмыш шара аясында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызмет­керлері жергілікті полициямен бірігіп әуесқой автомобильшілерге қауіпсіздік жолын насихаттап, жадынама таратты. Теміржол вокзалы маңынан басталған насихат жұмысы аудандық аурухана мен "Ақмаржан" автовокзалының алдына тұрақтаған таксишілерге бағыт алды.
– Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері автокөлік иесін көліктің электр өткізгіштерінің оқшау­лануы күйіне, түйісу сапасына, сонымен қатар алғашқы өрт сөндіру құрылғыларын жарамды күйде болуына жіті назар аударуды үндейді. Электр жүйесіндегі барлық өзгерістер мен қосымшалары білікті мамандармен сапалы тексерілуі тиіс, – деді бөлімнің инженері, азаматтық қорғау капитаны Серіккүл Мәлікқызы.
Әрбір автокөлік иесі өз тұлпарына немқұрайлы қарамаса дейміз. Қаперіңізде болсын, көлікте үш маңызды «нәрсе» болуы керек. Яки дәрі-дәрмек салынған қорап, өртсөндіргіш құрал және синтетикалық емес жамылғы. Егер төтенше жағдай орын алып, көлігіңізден өрт шықса, көлікті дереу тоқтатып, мүмкіндігінше қолда бар құралдармен сөндіруге тырысыңыз. Әрі сіз үшін 112 нөмірі әрдайым байланыста екенін ұмытпаңыз.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
19 наурыз 2019 ж. 1 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 432
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31