» » АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Өңірде Аналар мерекесі қарсаңында көптеген шара ұйымдастырылды. Соның бірі – «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өтті.

Мерекелік шарада «Нұр Отан» пар­тиясының аудандық филиал төра­ға­сының бірінші орынбасары Дастан Буханов ауданның мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 10 анаға құрмет көрсетті. Сондай-ақ, ол еліміздегі әлеуметтік мәселелердің Елбасы назарында екенін және айтулы партияның келешекте  атқаратын жұмыстары жөнін­де кеңінен әңгімеледі.

Қабылдауға келгендер қатарында Жосалы кентінің тұрғыны, 5 баланың анасы Роза Камалбекқызы да бар. Бір атап айтарлығы, көпбалалы ананың туған күні де 8-наурыз мерекесімен тұспа-тұс келеді екен.

– Ертең туған күнім. Алла қаласа, 27 жасқа толамын. Бала кезімнен сәбилерді жақсы көретінмін. Тілегім қабыл болып, бүгінде 5 баланың анасы атандым. 18 жасымда Қабыл есімді жігітке тұрмысқа шықтым. Бала – Алланың сыйы. Көзге көрінгендерді аман-есен өсіріп-жеткізсек деген ұлы арман бар. Аналар мерекесінде осындай құрмет көрсетіп жатқан «Нұр Отан» партиясының ау­дандық филиалына алғысымды біл­діремін, – дейді жас ана.    

Шарада аялы алақаны бесігімен қоса, әлемді тербеткен аналар жүзінен мейірім шуағы есті. Мереке соңында аналар естелік суретке түсті.

Сәрсенкүл АҚКІСІ,

«Қармақшы таңы».  



10 наурыз 2019 ж. 1 025 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 719
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 166

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31