» » Әлеуметтік саясатты жетілдіру – басты мақсат

Әлеуметтік саясатты жетілдіру – басты мақсат


Облыс атынан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне қатысушылар қатарында болғаным үшін қуаныштымын. Бұл жиын партияның 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан ел өміріндегі тарихи маңызды саяси оқиға деуге болады.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық даму жолында үлкен жолды жүріп өтіп, айтарлықтай табысқа жетті. Барлық саладағы оң өзгерістерде бүгінде мемлекет дамуының локомотивіне айналған «Нұр Отан» партиясының қолтаңбасы бар екені даусыз. Бұл – миллионнан астам саяси белсенді, мүддесі ортақ қазақстандықтың одағы.
Шағын және орта бизнесті жандандыруға ел Үкіметі тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келе жатқанын өзім осы бағытта жүргендіктен өте жақсы білем. Оның ішінде жұмыссыз және өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарды бизнеске тартуға баса мән беріліп отыр.
Өткен жылы осы санаттағы мыңнан астам қызылордалық 4,3 млрд теңге көлемінде шағын несие алды. Облыстық бюджет аймақтың инвестициялық орталықты қаржыландыру мақсатында 1 млрд теңге бөлді. Мыңнан астам жоба жүзеге асырылып, 1,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.
Қазіргі күні нұротандықтардың алдында әлеуметтік ролі жоғары ауқымды міндеттер тұр. Атап айтқанда, әрбір қазақстандықты еңбекпен және тұрғын үймен қамтудың маңызы зор.
Әлеуметтік саясатты жетілдіру стратегиясы – бүгінгі съездің басты тақырыбы. Осы орайда келелі жиында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға байланысты бірқатар міндет жүктеледі деп күтілуде.

Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
съезд делегаты,
облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры.
kyzylorda-news.kz

27 ақпан 2019 ж. 777 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 190

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 307

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930