МӘСЕЛЕЛЕР ТҮЙІНІ ТАРҚАЙДЫ
Жақында Жосалы кентінің мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы ашып, Қоғамдық кеңестің алғашқы құрам мүшелері өкілеттілігінің аяқталуына байланысты оның жаңа мүшелерімен таныстырды. Отырыста жаңа құрамның төрағасы боп бірауыздан Күлжауһар Раева сайланғанын хабарлады.
Содан соң аудандық Қоғамдық кеңестің жаңа құрам мүшелері алғашқы отырысын өткізіп, онда қаралатын бірінші мәселе, яғни аудан аумағындағы мемлекетік және жеке меншіктегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің білім және тәрбиесіне төленетін төлемақылар мөлшерін бекітуге арналған аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқынбек Омаровтың «Қармақшы ауданы әкімдігінің «2019 жылға арналған Қармақшы ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы бір тәрбиеленушіге есептегенде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысынның мөлшерін бекіту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасына келісім беру туралы хабарламасы тыңдалды.
Содан соң, кеңесте қаралған «Қауымдастық сервитут (біреудің жерін пайдалануға рұқсат алу) белгілеу туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасына сараптамалық қорытынды беру туралы, нақтысын айтқанда аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытжан Өтегеновтың мемлекеттік мекемелерді салу және қосу керектігі туралы ҚР инвестициялау және дамыту бойынша министрлігінің 2016 жылдың 20 шілдесіндегі №01-30 Д-1442/17-5/05-144 (п.2)-И және Қазақстан Республикасының халықтық экономика министрлігінің өткен жылдың 26 шілдесіндегі №7 хаттамасы негізінде «Транстелеком» АҚ мен «SilkNetCom» ЖШС-нің еліміздің барлық елді мекеніне талшықты-оптикалық коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз етуде бірлесе жасаған жобасын жүзеге асыру мақсатында аудан бойынша Жосалы кенті, Иіркөл, ІІІ Интернационал, Дауылкөл, Қуаңдария, Көмекбаев және Қармақшы ауылдық округтеріне талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу үшін сол аймақтар құрамындағы жерді уақытша пайдалану туралы аудан әкімдігінің қаулысына келісім беру жайында хабарлама жасап, тақырып аясында түсіндірме берді. Сонымен бірге, үшінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Өтегеновтың «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесіне келісім беру туралы» атты хабарламасы тыңдалып, онда көтерілген мәселелер бойынша кеңес мүшелері пікірлерін зерделеді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».