» » ЖАЙЫЛЫМ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

ЖАЙЫЛЫМ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігін нығайту мақсатына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында нақтыланып келе жатқан басымдықтардың бірі – мал шаруашылығын өркендету.

Аудан тұрғындарының есінде болар, 1993-1994 жылдары өңірде ғана емес, еліміздің көптеген аймағында төрт түліктің саны едәуір қысқарды. Оған не себеп? Әрине, бірінші кезекте сол жылдардың ызғарлы қысы мен қыс мезгілінде жем-шөптің жетіспей қалуы.
Сол жылдары тек шарушылықтарда ғана емес, жеке меншік бағымдағы төрт түлік те малдың емес адамның бетін алатын үскірік аязға шыдамай өлді, өлмегені сойылды. Сол қыста далаға мал жайылмады десек те болады. Өйткені, далада қардың көп жауғандығына, әншейінде тұяғымен қарды аршып, астындағы шөпті жей беретін ірі қара мен жылқы, түйелер де әлсіздік танытып, тіпті кейбірі тұяқтарын үсіріп те алған кездер болды.
Міне, осындай жайсыз жайттарға жол бермеу мақсатында Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында сонау ықылым заманнан қазақ халқына жесе тамақ, мінсе көлік, ішсе сусын болған төрт түлікті барынша дамыту мақсатында түрлі бағдарламаларды өміршең қылып, оны іске асыруға қамқорлық жасауда. Ал, енді осы төрт түлікті өркендету үшін не керек? Әрине, бірінші кезекте жем-шөп пен мал жайылымы керек.
Қармақшы өңірінде мал жайылымы қандай жағдайда? Осы сұрақ төңірегіндегі сауалмен аудандық жер қатынастары бөліміне барған болатынбыз. Бөлім қызметкерлерінің берген мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша өткен жылдың атқарылған жұмыстарының нәтижесімен жайылымдық жердің жалпы көлемі 228613 гектар болып бекітілген. Ал, аудандағы мал басы көп 11 елді мекен аумағындағы жайылымдық жердің үлесіне жекелей тоқталсақ, ол қазіргі таңда Дауылкөл ауылдық округі бойынша 4489 гектар, Қуандария ауылы бойынша 5299 гектар, Т.Көмекбаев ауылы бойынша 8857 гектар, Иіркөл ауылы бойынша 6473 гектар, Жосалы ауылы бойынша 7176 гектар, сонымен қатар Жаңажол ауылдық округі бойынша 3964 гектар, Алдашбай ахун ауылы бойынша 5550 гектар, Ақтөбе ауылы бойынша 1719 гектар, Ақжар ауылы бойынша 3209,5 гектар, ал Қармақшы ауылы бойынша 4601 гектар болды.
Ауылдық және елді мекендерде жыл сайын жайылымдық жерлерді ұлғайту мақсатында түрлі арыз-шағымдар да түсіп жататыны рас. Осы ретте, жергілікті билік ауылдық қоғамдастықтармен, сонымен бірге сол елді мекендерде күріш және басқа да ауыл шаруашылығы дақылын өндіретін шаруашылықтармен бірлесе отырып, жергілікті мекен тұрғындарының төрт түлігіне арнап жайылымдық жер бөлуде дұрыс шешім шығарған.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
19 ақпан 2019 ж. 1 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031