» » ҚОҒАМҒА ТҰСАУ БОЛМАСЫН

ҚОҒАМҒА ТҰСАУ БОЛМАСЫН


Бүгінде әлемді жайлаған қоғам дертінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қаншалықты күшейтілгенімен мемлекет қаржысын жеке мүддесіне пайдалануда тұтылып жүргендер көп. Алайда, жемқорлық сипатында істеген қылмыстық істің соңы жазалау екенін түсіне тұрып, оны қайталап жатқандар да жетерлік.

Міне, қоғам дертіне айналған осы бір жұттың алдын алу мақсатында мемлекет тарапынан заң қабылданып, жұмыстар істелуде. Елбасы Қазақстан халқының әлеуетін арттыруға арнаған жыл сайынғы Жолдауларында да осы мәселені көтеріп, оған қарсы күресті күшейтуді тапсырды.

Нәтижесі жоқ емес. Үкімет, министрліктер, сонымен қатар еліміздегі қоғамдық ұйымдар тарапынан комиссиялар құрылып, тақырып аясында ілкімді жұмыс атқарылуда. Ақшаға құныққан кейбір ағайындар «тәуекелге» бел буып, ертең онысының өз өміріне зиянын тигізетінін біле тұра көзқызарлықпен жемқорлық қылмысына баруда. Десе де, «Ұрының арты қуыс» дегендей, артынан тұтылып, бар жиған-тергенінен, тіпті отбасынан айырылып жатады.

Осындай қылмыстық істі болдырмауда Жаңажол ауылдық округі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын дер уақытында таразылап, оларға жауап беру мақсатында жәшік пен сенім телефоны жұүмыс істейді. Ауыл әкімі есепті мерзімде 37 жеке және заңды тұлға өз мәселелері бойынша қабылдауда болып, оның шешілуіне жұмыс істелді. Сонымен бірге, осы уақытқа дейін түрлі мәселелер бо­йынша 58 өкім, 29 шешім қабылданды.

Аппаратта қызмет ететін барлық мемлекеттік қызметші өзінің табысы жайлы тиісті мекемеге деклорациясын тапсырды. Сонымен бірге, ауылдық округ әкімдігі ұйымдастырған құқықтық оқу мен тақырып аясында өткізілген семинар мен дөңгелек үстелге, сонымен қатар басқа да іс-шараларға қатысты.
Иә, жемқорлық атадан қалған әдет емес. Сондықтан бүгінде тәуелсіз еліміздің өркендеуіне кері әсерін тигізіп келе жатқан қоғам індетімен күресу тек құзырлы органдардың ғана емес, барша қазақстандықтың міндеті.

Әбимүсілім ҚОҚАНОВ,
Жаңажол ауылдық округінің әкімі. 
25 желтоқсан 2018 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930