» » ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ

Байқоңыр қаласы С.Жиенқұлов атындағы колледждің тігін тігу факультетінің жас оқытушысы Жанат Жанұзақованың өнегелі ісіне ұжым қызметкерлері аса құрметпен қарайды. 2016 жылы Елбасының жас­тар саясатын қолдауға арналған мемлекеттік «Жастар тәжірибесі» арқылы колледжде алғашқы еңбек жолын бастаған Жанат көп кешікпей ұжым алдында өз ісінің шебері, білгірі екенін дәлелдеп, өзі тәлім беретін шәкірттерін тігін ісіне баулуда ерекше жетістікке қол жеткізіп келеді.


Аз уақыттың ішінде тігін кабинетін қазақы оюмен өрнектелген ұлттық киімдер мен сәукеле, тақия, сөмке, жүн­нен тоқылған басқа да ұлттық нақыштағы киім үлгілерімен толтырып қойды. Сонымен бірге, шәкірттерін де осы кәсіпке баулып, олардың сүйікті іспен айналысуына еңбек сіңірді. Бүгінде Назерке Жәли, Бақыт Ақназарова, Ақзер Төлеген, Нәзипа Аралбаева, Айкерім Романова сынды шәкірттері түрлі байқауға қатысып, жүлдегер атанып жүр.
– Тігінші ісіне бала кезден қы­зығушылық таныттым. Тәрбия есімді апайымның тіккен кестелі орамалдары мен түрлі ою-өрнекпен кестеленген бұйымдарына қызыға қарайтынмын. Тезірек өсіп, тігінші болсам деген арман болды. Балалық арман өсе келе, өміріме серік болар мамандығыма айналды. Осы мақсатқа қол жеткізуде Алматыдағы технологиялық университеттің «же­ңіл өнеркәсіп бұйымдарының құ­рас­тырылуы және технологиясы» бөліміне қабылдандым. Төрт жыл білікті сала мамандарынан тәлім алып шыққан соң, Әнуарбек Дәуленбаевтай білікті ұстазым басшылық ететін колледжде тәжірибеден өтіп, кейін ұстаздық қызметке тағайындалдым.
Міне, бүгінде сол аға буыннан ұстаздық өнердің қыр-сырын меңгеріп, алған тәлім-тәжірибемді шәкірттеріме үйретудемін. Университетте білім ал­ып жүрген кезімде түрлі байқауға қа­тысып, авторлық жеке патент те алдым. Ғылыми жоба да қорғап, ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің ІІдәрежелі дипломына да ие болдым. Ал, мақсатыма келер болсақ, туған елімнің өсіп-өркендеуіне перзенттік үлесімді қосып, ата-бабалардан аманатқа қалған ұлттық өнер мен салт-дәстүрді өскелең ұрпақ санасына сіңіру. Елбасының ұстанымын ұлтқа ғана емес, әлемге насихаттау, – дейді жас маман Жанат Серікқызы.
– Колледжіміз жас мамандармен толығуда. Әкімшілік тарапынан оларға қолдау көрсету жолға қойылған. Жанат сынды жас дарындарымыз түрлі тәжірибелік курстан өтіп, білімін же­тілдіруде. Байқауларға қатысып, жүлделі орындарға да ие болуда. Әрине, биыл елімізде Елбасының қолдауымен «Жастар жылы» болып жарияланды. Мемлекет басшысының ел жастарына деген қолдауын біз құптаймыз, – дейді колледж директорының орынбасары Нұр­гүл Әлімбаева.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
06 ақпан 2019 ж. 1 783 1

LesSeidge от 16 маусым 2019 00:31
Buy Finasteride 1mg Propecia Side Effects cialis prices Canadian Pharmacy Ed Meds

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031