» » «Туған өлке»

«Туған өлке»

Иіркөл ауылдық клуб үйі, Иіркөл ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Туған өлке» атты Иіркөл ауылының тұрғыны, жазба ақын «Иіркөл иірімдері» , «Атамұра» атты кітаптардың авторы Түктіғұлов Нұртай атамызбен кездесу кеші болып өтті. Кешті ауыл әкімі Қалдашбаев Бүркіт алғы сөзін сөйлеп, Нұртай атаның Рухани жаңғыру мен Ұлы даланың жеті қырына орай жазылғын «Туған өлке» атты кітабының тұсауы кесілді. 
Кітап ауылымыздың төлқұжаты іспетті. Ауыл ақынының шығармашылығын насихаттау, кеңінен таныту бағытында ауыл әкімінің қолдауымен жарық көріп отыр. Шығармашылық кешке еліміздің әр аймақтарынан қонақтар келіп, ақынның ағайын туыстары мен балалары кештің жақсы өтуіне куә болып, ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар Нұртай атаның көптеген өлеңдеріне ауылымыздың тумасы Смағұл Әбдімәліков ән шығарған болатын. Соның ішінде «Маржан қыз», «Туған өлкем-Сыр бойы», «Асыл анам» және жерлесіміз Берік Аққалиевтың әніне жазылғын «Көктем» атты шығармаларын Иіркөл ауылдық клуб үйі жанынан құрылған ән үйірмесінің мүшелері Ә.Төлегенов, Қ.Жұмағазиев, А.Әуезханова, Г.Төреханова, Б.Көпжасаров және Д.Серікбаевтар нақышына келтіріп орындап, халықтың ризашылығына бөленді.

01 ақпан 2019 ж. 2 096 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 741
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 104

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031