» » Ата-аналар мектептердің ас мәзіріне құрт пен ірімшікті қосуды ұсынды

Ата-аналар мектептердің ас мәзіріне құрт пен ірімшікті қосуды ұсынды


Ата-аналар мектептердің ас мәзіріне құрт пен ірімшікті қосуды ұсынды, деп хабарлайды «Kyzylorda-news.kz» АА «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап
  
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында мектептердегі тамақтану сапасын жақсартуға бағытталған «Мектеп асханалары» партиялық әлеуметтік жобасын іске асыруға ниет танытқан астаналық оқушылардың ата-аналарымен партия Хатшысы Илья Теренченконың кездесуі өтті.
 
Астанадағы ата-аналар қоғамдастығының өкілдері бастама көтеріп, партиялықтарға бірқатар ұсынастарын жеткізді.
Белсенділер партиялықтарға мектептердің ас мәзіріне құрт пен ірімшік сияқты қазақтың ұлттық тағамдарын енгізуді ұсынды.
Ынталы топтың мүшесі Гүлнәр Омарованың айтуынша, егер оны әдемілеп орап берсе, балалар сүйсініп жейтін тағамдардың бірі болады.
Кездесудің қорытындысы бойынша партия хатшысы Илья Теренченко белсенділердің көтерген мәселелерінің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, бастамашы топ мүшелерінің 14 қаңтардан өз жұмысын бастайтын республикалық мониторинг тобының құрамына енетінін хабарлады.
Оның айтуынша, «Мектеп асханалары» жобасының аясында ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін партиялықтар мыңға жуық мектеп асханаларына мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.
«Біздің мақсатымыз - барлық тараптарды қанағанттандыратын ас мәзірін қалыптастыру, сондай-ақ, мектептердегі тамақтандыратын жерлерде өткізуге болмайтын азық-түліктің сатылуына жол бермеу. Келешекте партиялықтар елордада жинақтаған тәжірибелерін өңірлік филиалдармен бөлісетін болады», - деді И.Теренченко.


13 қаңтар 2019 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 254

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 354

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930