» » Байқау жеңімпаздары марапатталды

Байқау жеңімпаздары марапатталды

«Нұр Отан» партиясының «ІТ –мамандар даярлау» жобасы аясында елімізде, тегін ІТ-сыныптар ашу қолға алынды. Жоба мақсаты оқушыларға бағдарламалау және робот техникалары негіздерін тереңдетіп үйренуге жағдай жасау болып табылады.

Аудандық білім бөлімінің мәліметі бойынша бүгінде мектептерде робототехника кабинеттері жасақталып, онда оқушыларға факультативті сабақтар жүргізілуде. Келер жылы мектептерді қосымша интерактивті тақталар және ноутбук, планшеттермен жабдықтау жоспарланған.

Оқушылардың бұл салаға қызығушылығы жоғары. Осы орайда, «Нұр Отан» партиясының Байқоңыр филиалы партиялық жоба аясында мектеп оқушылары арасында байқау өткізді. Іс-шараның мақсаты оқушылардың IT технологиялар саласындағы қабілеттерін ашу және зияткерлік әрі шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасау болып табылады.

Байқауға 25 оқушы қатысып, «Менің елім», «Менің қалам» тақырыптары бойынша 37 бейнеролик дайындап, ұсынды. Құрамында бағдарламашы және тіл мамандары бар қазылар алқасы бейнероликтерге мазмұны, сапасы, техникалық күрделілік сияқты талаптар бойынша сараптама жүргізіп, үздік жұмыстарды анықтады. Туындылар қызықты, әр-түрлі және оған оқушылар еңбектеніп бар өнерлерін салғандығы көрініп тұрды.

Байқау жеңімпаздарын партия филиалының бірінші орынбасары Б.Бекпанов және партия мүшелері Т.Едиреков, С.Жумадьяров құттықтап, жүлделі сыйлықтарын табыс етті.




16 желтоқсан 2018 ж. 1 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930