» » Мектеп бағдарламасына «Бағдарламалау негіздері» атты жаңа пән енуі мүмкін

Мектеп бағдарламасына «Бағдарламалау негіздері» атты жаңа пән енуі мүмкін

Еліміздегі мектеп бағдарламасына «Бағдарламалау негіздері» атты жаңа пән енуі мүмкін. Қазір бұл сабақ елордадағы №27 мектеп-лицейдің 2, 3, 4-сыныптарында қосымша ретінде оқытылып жатыр. Ол үшін жылына 34 сағат бөлінген. Аптасына бір мәрте өткізіліп тұрады. Пән «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда. Астана қалалық білім басқармасы мен «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамының арасында арнайы келісім жасалып, «Бағдарламалау негіздерін» аталған қоғам өкілдері жасап шыққан. Оқу жылының басында пилоттық жоба ретінде бастау алған пәнді бастауыштың оқушылары бүгінде меңгеріп алған. Өрендер мультимедиялық тұрғыда жұмыс жасап, ашық сабақта авторлық жобаларын таныстырды. Мансия Макаева, мектеп директорының ғылыми әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары: – Оқушылар бұл жоба бойынша көптеген тереңдетілген білім алды. Компьютерлік сауаттылық жақтан. Өздері жоба құрастырып, әртүрлі мультфильмдер жасау. 9-сыныпта өтетін бағдарламадан да алынған материалдар бойынша оқушылар бүгін өздерінің білімдерін көрсетіп отыр.
22 мамыр 2018 ж. 2 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031