» » МАҚТАНЫШ СЕЗІМІН ҰЯЛАТАДЫ

МАҚТАНЫШ СЕЗІМІН ҰЯЛАТАДЫ

Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында мақала жариялады. Құжат – көптің көңілінен шығарына сенімім мол. Себебі, онда халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен ұлттық құндылығы тереңнен зерделенеді. Тәуелсіздік жылдарында көптеген ақтаңдақтарымыз ортамызға қайта оралып, жәдігерлеріміз жаңғыра түсті. Бұл тұрғыда «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы көп жұмыс істеді. Десе де, мұндай үлкен істерді бір жылға сыйдыру әлбетте, мүмкін емес. Осы ретте, Елбасы ата-бабамыздың өмірі мен олардың керемет өркениеті жайындағы мәліметтер, деректі құжаттар әлі де болса ғылыми айналымға түспегенін айта келе алда «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау керектігіне жіті мән береді. Ұлт көшбасшысы тиісті орындарға архив деректерін халыққа қолжетімді болуы үшін оларды цифрлық форматқа көшіруді тапсырды. Сонымен қатар, мектептер мен өңірлерде өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды екенін де назарға салды. Ауқымды жұмыстар – халқымызға серпін берумен бірге, жас ұрпақтың Отанға, өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатары сөзсіз.

Гүлзира ЕРКЕБАЕВА,
№250 мектеп-лицей директоры.
21 қараша 2018 ж. 1 953 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 066
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031