» » ТОҒАНАС БАТЫР КӨШЕСІ

ТОҒАНАС БАТЫР КӨШЕСІ

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда ұлттық салт-дәстүріміз бен әдеп-ғұрпымызды, сондай-ақ тарихымызды қалпына келтіру мақсатында елімізде, оның ішінде ауданымызда көптеген іргелі істер жүзеге асырыла бастады.

Міне, сондай игі істердің бірі – 1994 жылдың 10-ақпанында аудан әкімі Жақай Бодықбаевтың Кеңестер Одағы кезеңдерде аудан орталығы және елді мекендер көшелеріне берілген атау­ларды заман талабына сай өзгерту мақсатындағы №38 шешімімен Свердлов көшесінің тұйығы Тоғаныс батыр көшесі болып өзгертілді.
Басы Абай көшесінен бастау алып, Сегізов көшесімен шектелетін бұл көше бойында «Ақ тілек» салтанат сарайы, мал базары, сонымен қатар бірнеше сауда-саттық орталықтары тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Ал, енді Тоғанас батыр кім болған? Осы жөнінде тоқталып өтсек.
Тоғанас атақты Бәйтік батырдың баласы. Тоғанастың әкесі Бәйтік, атасы Бәймембет, бабасы Тойқожа да батыр атанған кісілер.
Атаға тартып туған Тоғанас та батырлық жолды қуады. Бірде 15-16 жастағы бозбала Тоғанас атын іздеп жүріп «Тайкеткен» өзегінің қалың қамысы ішінен жолбарысты соғып алып, ауылына келіпті. Осы оқиғадан соң Тоғанастың батыр атағы елге жа­йылып кетеді. Бұл кез қоқандықтардың Сыр бойы елінен түрлі алым-салық жинап, зар илеткен кезі болатын. Бірде Хиуа бегі Қожанияз шөмекейлерді өзіне бағындыру үшін 500 жасағымен шабуылға шығады. Бұл хабарды естіген Шағырай, Қыстаубай, Сарман батырлар 500-дей қол жинайды. Ішінде Тоғанас та болады. Күмісқорғанның аралығында екі қол кездеседі. Осы шайқаста жараланса да аттан түспеген Тоғанас жігіттерімен жауын жеңіп, батырлық ісі одан әрі жалғасқан.
Тоғанас Бәйтікұлы 1810-1813 жылдары туып, 1868-1869 жылдары өмірден өтсе керек. Жалпы мұрағаттағы деректерде Тоғанастың есімі 1862 жылдардан кейін кездеспейді. Кейбір деректерде, Тоғанас 64 жасында өз ажалынан қайтыс болды десе, екіншісінде түркімен батырының қолынан қаза болған деседі. Қуаңдария өзені маңындағы «Тоғанас» атты белгі батырдың мерт болған жеріне қойылған ескерткіш деседі көнекөз қариялар.
Тоғанас туралы ел аузында айтылып жүрген әңгімелер өте көп.
Тоғанас батыр ХІХ ғасырдың 40-жылдарында батыр ғана емес, қолбасшылық дәрежеге жеткен тұлға. ҚР Орталық мемлекеттік мұра­ғатының №4 қорының №2333 ісінде Орынбор Шекара комиссиясының төрағасы, генерал-майор Ладыжинскийге хорунжий Красноярцевтің 1845 жылдың 22 қазанында жолдаған рапортында ханға Қоқан бекіністерін алуға шөмекей, керей, кете, алтын және әлім руының басты адамдары көмектескенін айтады. «Шөмекей руының батыры Тоғанас Бәйтіков, Дәрмен Сарманов, Қараш Тұғалан, сұлтан Сәдірмек, керей биі Жұбан және сұлтан Тоғым, алтын руынан Науша, Көшкінбай Мажығұлов, Уәли Итенов, әлімнен Жанқожа батырлар бастаған жасақ негізгі күшке 16 қыркүйекте келіп қосылды», – деп жазған.
Тоғанас батырдың есімі Сыр еліндегі Жанқожа, Есет, Қыстаубай, Бұқарбай, Сейіл батырлармен қатар аталады. Атақты ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің «Ел қамын жеген ерлер» атты толғауында:
…Тоғанас туып Бәйтіктен,
Байланып қылыш, ту алған.
Ізіндегі көп дұшпан, қалтырап қолы қорыққаннан,
Жоқ еді белін буа алған, – деуінде үлкен мән жатыр. Осынау аз ғана сөзбен оның жай батыр ғана емес, қолбасшылық тұлғасынан хабар береді.
Қорытып айтқанда Тоғанас жалаң қылышты батыр ғана емес, қолбасшы болған, елді аузына қаратқан айтулы бидің бірі.
02 қараша 2018 ж. 3 698 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031