» » ЖАСТАР ӘСКЕРГЕ БАРУҒА ҚҰЛЫҚТЫ

ЖАСТАР ӘСКЕРГЕ БАРУҒА ҚҰЛЫҚТЫ

Айдыныңды тасытып, айбы­ның­ды асыратын да, намыс туын желбіретіп, жауыңның құтын қашыратын да – әскер. Ал, әскер – жанары жалын, кеудесі от жүректі жастардан құралады. Біздің жастарымыз қорғасындай төзімді, болаттай батылдықты қажет ететін Отан қорғау ісіне дайын ба?
Бұл сауалға нақты жауапты Қармақшы ауданы бойынша қорғаныс істер жөніндегі бөлімде тапқандаймыз. Аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаевтың төрағалығымен өткен күзгі әскерге шақыру комиссиясының қабылдауында болған бірқатар жас облысқа жолдама алды. Солардың бірі – 1999 жылы туған Нұркелді Қолдасбай.
– Мамандығым бар. Биыл Қы­зы­лорда құрылыс және бизнес колледжін бітірдім. Қазіргі арманым – өз еркім­мен Отан алдындағы борышымды адал өтеп, Қазақстанның Қарулы Күшіне үлесімді қосу, – десе, аудан орталығындағы №30 орта мектептің түлегі Сұңғат Отарбаев та әскерге баруға құлықты.
– Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінен «Техника және технология» мамандығы бойынша жоғары білім алдым. Жігіттерге әскерге барған дұрыс. Ол өмірді де көруі керек. Әскер – адамды шынықтырады, шыңдайды. Облысқа жолдама алғаныма қуаныштымын, – дейді тағы бір шақырылушы.
Ойын ашық айтып, әскерге баруға ниет білдірген келесі жас – Нұрболат Әлібекұлы. Тұрмағамбет ауылының тұрғыны 1998 жылы дүниеге келген. Сүйікті ісі – ән салу.
– Азаматтық парызды өтеу – міндетіміз. Ауылда шаруашылықта жұмыс істеймін. Әйтсе де, қалауым – әскери өмірді көру. Отаным мен отбасыма пайдам тисе, – дейді ынталы жас.
Комиссиядан өтуге келгендердің есімін әрі қарай да тізбектей беруге болар еді. Дегенмен, денсаулығына байланысты әскерге уақытша жарамсыз танылғандар да кездесті ара-кідік. Медициналық комиссия төрағасы, амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бақытжан Нысанбаевтың айтуына қарағанда, жыл көлемінде 10 ай комиссия өтеді. Қыста ақпан айында 16-ға толған жасөспірімдердің әскерге тіркеу жұмысы жүргізілсе, 2 рет – күзгі, көктемгі әскерге шақыру комиссиясы ұйымдастырылады. Көк­­теммен салыстырғанда, күзде жас­тардың денсаулығы анағұрлым жақ­сырақ. Негізінен жастарда – салмақ жетіспеушілігі, май табан, жүйке жүйесінің әлсіздігі сияқты ауру түрлері кездеседі.
Комиссия мүшесі, Қармақшы ау­даны бойынша қорғаныс істері жөнін­дегі бөлімінің бастығы Назық Каирлаповтың пікірінше, жастардың айтулы комиссиядан өтуіне бөлімде барлық жағдай жасалған. 13 медицина қызметкері қызмет көрсетеді.
– ҚР Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және ҚР азаматтарын 2018 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» ҚР Президентінің 28.02. 2018 жылғы №644 Жар­лығына сәйкес, жергілікті атқару орган­дарының ұйымдастыруымен күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмысы жалғасын табуда. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекара қызметінің әскери бөлімдерін жасақтау жүруде. Қазанда ҚР Қарулы Күштеріне іріктеу жүргізілсе, Қара­ша-желтоқсанда ҚР Ішкі істер минис­трлігінің «Ұлттық Ұлан» әскери бөлімдері жас буынмен толықпақ. Ескерерлігі – Мемлекеттік Күзет қыз­метіне қойылар талап өте жоғары, – дейді бөлім бастығы.
Комиссия барысында азаматтарға зерделеу сұрақтары көптеп қойылды. Бізді қуантқаны олардың арасында – талабы таудай жастардың көп болғаны.
Түйін:
Табысқа жету – тауға шығумен бірдей ғой. Адам тауға шыққан сайын – қиналып, шаршайды. Әйтсе де, сол арқылы алдындағы кедергіні жойып, шыдамын ширата түседі. Таудың қарама-қарсы мінезіне қарсы тұра білген адам күндердің бір күнінде өзі де тауға айналады. Сондықтан, алдымызға үлкен арман қойып, биікті еңсеруді әркез мақсат етейік.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
05 қазан 2018 ж. 1 915 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031