» » СЫР ӨҢІРІНІҢ СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ

СЫР ӨҢІРІНІҢ СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ

Ата-бабамыздан бүгінге жеткен тұмса тарихымыз бен тарихи орындарды кейінгі ұрпаққа аманаттау, насихаттау, таныстыру - аға буынның алдындағы зор міндет. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы оны тиісті дәрежеде жүзеге асыруға жол ашып отыр. Бағдарламаның «Туған жер» арнайы жобасы аясында республикалық «Өлкетану» акциясы жарияланып, жазғы демалыс кезінде оқушылар еліміздің түкпір-түкпірін аралауға мүмкіндік алды. Маусым айында бастау алған шара аясында алғашқылардың бірі болып қызылордалық оқушылар Ақмола облысына сапар шегіп қайтты. Күні кеше аймағымызға Ақмола облысынан 70 оқушы қонаққа келді. Жас саяхатшыларды облыстық білім басқармасы сән-салтанатымен қарсы алып, өңіріміздің киелі жерлерін аралап, тарихымен танысуына жағдай жасады.
Алғашқы күні балалар облыс орталығының мәдени орындарымен танысып шықты. Облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханада болып, кітапхана мұражайы, «Шаңырақ» интелект орталығы, it PARK және жақында ашылған Book сofe мен коворкинг орталығында қонақта болды. Іt PARK-те цифрлық жүйенің соңғы мүмкіндіктерімен, жетістіктері туралы толыққанды ақпарат алды. Онда кітапхана қызметкерлері облысымыздың білім жүйесінің жетістіктерімен бөлісті.
Одан соң Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі «Елбасы және тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залында, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығында болды. Тарихшылар ондағы әрбір экспонат туралы ғана емес, оқу орнының тарихын да кеңінен түсіндіріп берді.
Оқушылардың екінші күнгі саяхаты Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалды кешенінде жалғасты. Қасиет тұнған мекенге табаны тиген олар ерекше әсерде болды. Жырдан шашу шашып қарсы қалған қармақшылықтар киелі мекеннің тарихынан сыр шертті. Әрбір нысанының өзіндік ерекшелігіне тоқталып, оқушыларды одан әрі қызықтыра түсті. Балалар Қорқыт бабаларына Құран бағыштап, қолын жайды. Желдің үнімен сызылта шыққан қобыз үнін естіп, таңданыстарын жасыра алмады. Ал бізді аспанда қалықтай ұшып, үш рет айналған қыран құстың таңғажайып әрекеті таңқалдырды. Бұл да бір қасиетті жердің өзіндік тылсым сыры болар. Балалар барған келесі нысан да жұмбағы мол жұлдызды қала Байқоңыр. Жас саяхатшылар ондағы музейде болып, ғарыш әлеміне саяхат жасап қайтты. Зымыранның залалсыздандырылып әкелген әрбір бөлшегін көріп, толыққанды ақпарат алды. Балаларды әсіресе, ғарышкерлердің тамағы ерекше қызықтырды. Сол әсермен қалаға келген олар жол бойы алған ақпараттарымен бөлісіп, көрген қызықтарын айтумен болды.
Осылайша, еліміздің алғашқы астанасы сырға толы Сыр елінде үш күн қонақта болған оқушылар тарихи танымдарын байытып, өмірлік азық болар мол мағлұматтарға қанықты. Қазақилықтың қаймағы бұзылмаған Қызылорданың қонақжайлығын жоғары бағалап, алғыстарын білдірді.
М.ҚОЖАХМЕТОВА,
облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының маманы.
10 қыркүйек 2018 ж. 1 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 002

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031