» » ВАХТАЛЫҚ ЖҰМЫС БАҚ ПА: КҮНГЕЙІ МЕН КӨЛЕҢКЕСІ ҚАЛАЙ?

ВАХТАЛЫҚ ЖҰМЫС БАҚ ПА: КҮНГЕЙІ МЕН КӨЛЕҢКЕСІ ҚАЛАЙ?

Жұмыссыздықты шешудің түрлі тәсілі бар. Қолынан келгені кәсіп ашады. Кейбіреу жалдануға бейім. Енді бірі «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалағанды» місе тұтады. Бірақ, елдің бәріне жақыннан дорба қайдан табылсын? Алыстан да арбаламақ керек.
«Тоқсан бес жасайын деген жасым ба еді, быламық ішейін деген асым ба еді», – демекші, үйінен, отбасынан жырақта жүріп жұмыс істеуге кім құлықты болсын. «Басқа салса – баспақшылдың» кері де. Ойламаған жерден жұмыстан қысқарған Бекбауыл Базарбаев базбіреу сияқты кәсіп ашудың көзін таппаған соң вахталық жұмысқа иек артуына тура келеді. Алғашында он бес күн деп келісілген ауысымдық жұмыс кейде бір айға созылатын да кезі кездеседі.
– Ондайда балаларыңды сағынасың. Он бес күн қашан өтер екен деп жүргенде, оған тағы он бес күн қосылады. Шетелдік қомпанияларда айлық бес жүз мың теңгеге дейін төленсе, отандық жеке мекемелерде алпыс, жетпіс мың көлемінде. Күннің ыстық-суығына төзіп, жан екпін болып тапқан ақшаң бейнетіңе татымайды. Қарынның тоқтығынан емес, амалдың жоқтығынан көнесің. Әсте, өз үіңнен кіріп-шығып істеген жұмысқа не жетсін? Балаларыма молырақ уақыт бөле алмайтыныма қынжыламын. Бір ай дала кезіп жүргенде үйде біраз шаруа жиналады. Оны бітірем дегенде, келесі вахтаға кетуің керек. Шаршап келіп, шаршап кетесің. Жолға шығарда ұл-қызыңның көзі мөлт-мөлт ететіні жүрегіңді ауыртады. Осы дағдымен он жылым өтіп келеді, – дейді ол.
Айталық, вахталық жұмыста әйелдердің де үлесі бар. Олар супервайзер, аспаз, кір жуу, медицина бикесі сияқты жұмыстарды істейді. Жаны нәзік әйелдің отбасы – ошақ қасымен, баламен болғаны жақсы, әрине. Әйтсе де, материалдық тұрғыдан ерлермен қатар еңбек етуге мәжбүр.
– Мұнай компаниясының бірінде елу адамға тамақ пісіремін. Ыстық оттың қасында денсаулығың мықты болмаса, жақындай алмайсың. Вахтадағы аспазшылық – әйел адамға ауырлау. Ауысымнан барғанымда төрт-бес күнім емделумен, дәрі-дәрмек қабылдаумен кетеді. Денсаулықты қайта қалпына келтірмесең, келесі вахтаға жамайсың. Әдетте, мұндайда өз-өзіме әзер келемін. Аспаздың жұмысы таңғы бестен, түнгі бірге дейін демалыссыз жалғасады. Үлкен-үлкен қазан, кәстүрел көтереміз. Жолдасым әр ауысымда: «Осы жұмысыңды қойсаңшы», – деумен әуре. Баланың алды студент. Бір айлыққа қарап отырамыз ба? Қаражат қашан да қалта теспейді деген ой менікі дейді, – Гүлмира Асаубаева ( тегін өзгертіп айтуды өтінді).
Әйел-ананың бала тәрбиесіндегі орны айрықша. Бір жылдың алты айында анасын көрмейтін баланың көңіл-күйіне қандай баға береміз? Вахталық жұмыстың залалы сондағы әйелдермен қатар, ер-азаматтың ошағында қалған жарына да тиетіндей. Әлеуметтік желіні ашсаңыз, оған өзіңіз көз жеткізесіз.
-Жолдасым вахтадан келген соң үйден береке кетеді. Шаршап келдім деп, он бес күн ішімдік ішеді. Отбасымыздың шырқы бұзылып, әбігерге түсеміз. Әсіресе, ортада бала қиналады. Келетін күні жақындағанда ұл-қызым әкесін сағынудың орнына қорқып отырғаны. Ажырасайын десем, перзентімді тірі жетім еткім келмейді, – деп мұңын шағады.ТҮЙІН
«Байлық – мұрат емес, жалқаулық – ұят», «Жас өседі, жарлы байиды», «Бірінші байлық – денсаулық, дені сау адамның кедей болуы – намыс», «Жалқаулық – адамның соры», «Еңбек етпей тұрып, байлықтан дәмет пе?», – деген ұлт даналығы. Қайда істесе де адал еңбек етіп, ащы тер төккен адам ғана бақытты. «Ақыры өтетін өмірғой» деп ойға келгенді жасап, айналаға лаң салу, адамдық өмірдің қадір-қасиетін жоғалтқаннан сақтану керек.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
08 тамыз 2018 ж. 1 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031