» » » КӨЗ АУРУЫ «ЖАСАРЫП» БАРАДЫ

КӨЗ АУРУЫ «ЖАСАРЫП» БАРАДЫ

Зағипа КӨПБЕРГЕНОВА, балалар көз дәрігері:
Бала күнімізде ата-анамыз «теледидарға жақын отырма, кітапты жатып оқыма» деген ескертулерді көп айтатын. Алайда, ол сөздердің астарына бала болғандықтан терең үңілмесек керек-ті. Ал, қазіргі уақытта жанары солғын тартып, одан қиындық көріп жүргендер баршылық. Көз дәрігеріне көрінетіндедің дені жастар. Онда да көру қабілетін қалтафонға қарау арқылы нашарлатып алғандар. Тақырыпты қаузау үшін емханаға жол тарттық. Мұнда балалар көз дәрігері Зағипа Көпбергенованы сөзге тарттық.
Мамандар 10 жас пен 65 жас аралығындағы мыңдаған адамға әлеуметтік тексеру жүргізген екен. Нәтижесінде орташа есеппен аптасына компьютер, смартфон, телеэкран қараған 80 пайыз адамдарда көз ісу, көз ауру, көзден жас ағу, көздің бұлыңғырлануы сияқты белгілер пайда болған. Жалпы, бүгінгінің адамдарының көру қуатының әлсіреуіне не себеп?

Бүгінде дәрігерлер смартфон, компьютерде көп отырудың зиянын айтып дабыл қағуда. Себебі, көз қашықтыққа жұмыс істемейді. Біріңғай жақыннан жұмыс атқарады. Қалтафонға көз алмай қарағаннан қашықтықты көруге көз жанары «жалқаулана» бастайды. Алыстан көрмеушілік осыдан пайда болады. Кеше бір ата-ана «көзіне бірдеңе түсіп кетті» деп 2 жарым жастағы баланы тексеруге алып келді. Тексерсек көзі таза, бірақ құп-құрғақ. Себебін сұрағанда таң атқаннан түн батқанға дейін қалтафонға телміріп, ойын ойнайды екен. Жапон елінде бірыңғай дамыған технология болғандықтан 99 пайыз адам көзілдірік кисе, бізде 40-50 пайыз адам «шыныға» иек артады. Бұл еліміздің осы деңгейге жетуінің мүмкіндігі жоғары екенін көрсетеді.
Өткен жылы облыс бойынша 18-ге толмаған 5801 бала көз дәрігеріне барыпты. Ауданда қалай? Бұл ауру «жасарып» бара ма?
Күн тәртібі дұрыс емес, жеткіліксіз жарық, компьютермен немесе жайсыз жазу үстелінде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу барысында көз жітілігін төмендету қауіпі өзекті мәселе болып отыр. Тексеріске келгендердің дені жастар. Биылдың өзінде 4718 бала тексерістен өтіп, оның 263-інде көз ақауы байқалды.
Алыстан және жақыннан көрмеушілік секілді түрлі көз ауру бар. Біз білмейтіндері қаншама. Сол көз ауруларының түріне тоқталып өтсеңіз. Жалпы кейінгі жылдары іштен туа біткен дерт, яғни су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі екен. Мұның қандай да бір емі бар ма?
Бүгінде көз аурулары «жасарып» барады. Көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан пайда болатын және іштен туа біткен көз ауруы көп. Қазіргі кезде іштен туа біткен ауру – глаукома сирек кездеседі. Ауданда бұл көз ауруымен 7 бала тіркелген. Оның біреуіне ғана туыла салысымен ота жасалып, бүгінде көзі көреді. Сондай-ақ, коньюктивит, көзге ақ түсу аурулары жиі кездеседі. Көзге ақ түсу, яғни лейкома – көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбіне, жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан пайда болады.
Көздің ісінуі мен қабынуы, қызаруы, қышуы сияқты жайсыздықтар пайда болатындықтан, көптеген адамдар өз бетінше көз дәрілерін пайдаланып, ауруды басқысы келеді. Бұлай істеу қаншалықты адам денсаулығына кері әсерін тигізеді?
Көптеген адам дәрігердің рұқсатынсыз көз дәрілерін пайдаланып, ауруды басқысы келеді. Бұлай істеу керісінше адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Көз дәрілерінің құрамында шірітуге қарсы зат бар. Осы тектес дәрілерді ұзақ уақыт пайдаланған жағдайда көздің тор қабығын зақымдайды. Тексеріске келгендердің қайсібіріне болмасын толық тексеруден өткеннен кейін ғана қажет дәрісін жазып береміз. Әрине, көзге арналған дәрілердің бағасы шарықтап тұр. Дегенмен, жағдайы жетпеген жандарға дәрі-дәрмегін алуға жәрдемдесеміз.
– Көз – адамның көру мүшесінің ең нәзік бөлігі. Жанарыңның жарқырап тұрғаны денсаулығыңның жақсы екенін көр­сетеді. Ал сол жанарды сақтауға қандай кеңес берер едіңіз?
Жұмысбасты болған соң көпшілігі компьютермен жұмыс істейді. Ал, кейбіреулері тіпті күні бойы оның алдында тұрмастан отырады. Соның салдарынан көз шаншып, қызарып ауырады. Сондықтан, көздің шаршауын болдырмау үшін бірнеше минут сайын көзді демалдырып, бөлмені желдету қажет. Егер ауа тым құрғақ болса, батареяның астына су құйылған ыдысты қою керек немесе ауа ылғалдағышты пайдаланған жөн. Таза ауада көбірек серуендеу де көзге аса пайдалы. Сондай-ақ, көздің көру қабілетін жақсартуда А витаминінің маңызы зор. Ол ағзаның инфекцияларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Ал С, В1, В2 және В12 витаминдері көз қан тамырларының қабырғасын бекітеді және орталық жүйке жүйесін қоректендіреді.
Көру жүйесі нашарлаған сәттен бастап арнайы дәрігерлердің кеңесіне жүгініп, дереу көзілдірік киген дұрыс. Көзілдірікті дер кезінде кию, оны дұрыс таңдап алу көздің бірқалыпты көруіне көмектеседі.
Сұқбатыңызға рақмет!

Сұқбаттасқан: Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».


14 шілде 2018 ж. 2 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 738

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 791

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031