Мәслихаттар сайлауы
» » ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Кеше аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен әйелдер мен балаларға қатысты зорлықзомбылықтың алдын алу, отбасылықтұрмыстық қатынастағы құқықбұзушылықтың профилактикасын күшейту бағытында ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Оған полиция бөлімінің қызметкерлері, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев, әйелдер және аналар кеңесінің төрайымдары Гүлжауһар Раева, Күлшара Қаниева, жастар денсаулық орталығының психологы Әмина Кетебаева және өзге де сала өкілдері қатысты.
Жиын қоғамдағы өзекті мәселенің бірі саналатын әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және осы бағыттағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуды көздеді.
Отырыста алғашқы болып сөз алған кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ұзақбаев отбасы құндылығын сақтау, ұрпақ тәрбиесіндегі үлкендер рөлі мен қоғамдағы адамгершілік қағидатына тоқталса, үкіметтік емес ұйым жетекшілері – Г.Раева ана мен бала қауіпсіздігі, отбасындағы сыйластық пен татулықты қалыптастыру, жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру мәселесін көтерді. К.Қаниева әйелдердің құқығын қорғау, тұрмыстық зорлықзомбылыққа жол бермеу және қиын жағдайға тап болғандарға дер кезінде қолдау көрсетуге байланысты ойымен бөлісті. Ал психолог маман Ә.Кетебаева отбасындағы психологиялық ахуал, балалардың эмоционалдық жағдайы, зорлықзомбылықтың психологиялық зардабы мен алдын алу бойынша пікір білдіріп, түсіндірме жасады. Одан бөлек, полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлықзомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция майоры Айнұр Қасымова ауданда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жәбірленушілердің құқығын қорғау, профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жүргізілетін жұмыстар және ведомствоаралық байланысты күшейту бойынша ақпар берді.
Іс-шарада полиция қызметкерлері тарапынан отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу, зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтардың құқығын қорғау, профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу және мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысын жандандыру қажеттілігі айтылды.
Комиссия қорытындысында қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға, әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға және құқықбұзушылықтың алдын алуда белсенділік танытып жүрген бірқатар азаматқа алғыс айтылып, аудандық полиция бөлімінің атынан марапаттар табысталды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
19 қараша 2026 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 384
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 513

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30