» » «Ардагерлер үйіндегі кездесу»

«Ардагерлер үйіндегі кездесу»


Жуырда, аудан прокуратурасы, ауданымыздың ардагерлер және әйелдер кеңесімен өңіріміздегі «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» мәселесіне қатысты ықпалдасу және кеңесу тәртібінде атқаратын іс-шаралар бойынша меморандумға қол қойылған болатын. Сол кездесудің ағымдағы жылдың мамыр айында Жосалы кенті «Ардагерлер үйінде» жалғасын тапты.
Кездесуде ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Раева, кент ардагерлері, қоғамдық кеңес төрағалары (ардагерлер) және бөлімнің ЖПҚб-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касымова қатысты. Мақсаты: отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, агрессорлармен профилактикалық жұмыстар жүргізу, жәбірлеуші тұлғаларға психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, құқық бұзушылық жасауға бейім азаматтардың тұрғын үйлерін аралау алдында олармен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын барша түрде ұйымдастыру және оларға отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы кеңес берілді.
Егер сіз зорлық-зомбылыққа шыдап отыра берсеңіз ол шексіз қайталана береді. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеңіздер! Бұл сіздің және балаларыңыздың өмірі үшін аса қауіпті. Үнсіз қалмаңыз. Байланыс телефондары: 102, 2-11-89, 8-705-208-14-68.

Қармақшы аудандық Полиция бөлімінің
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы

13 мамыр 2024 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930