» » Әрбір азамат, әрбір отбасы қорғауда

Әрбір азамат, әрбір отбасы қорғауда


Қармақшы ауданы әкімдігі мен Қармақшы аудандық прокуратурасы аудандық ардагерлер және әйелдер кеңесімен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық және онымен күресу шараларын талқылады.

Жиынға аудан Прокуроры М.Маханбетжанов, аудан әкімінің орынбасары С.Смағұлов және аудандық ардагерлер, әйелдер кеңестерінің төрағалары, құқық қорғау органдары мен сала мамандары қатысты.

Аталмыш кездесуде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жәбір көрген әйел азаматшаларға психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, құқық бұзушылық жасауға бейім азаматтармен профилактикалық шаралар ұйымдастыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау жұмыстары пысықталды.

Сонымен қатар, тізімдегі адамдармен жеке жеке жұмыс жасау, маскүнемдікке салынып, отбасының шырқын бұзатындарға қатаң шаралар қабылдау қажет екендігі айтылды.

Айта кететін жәйт, аудан Прокуратурасы мен аудандық ардагерлер, әйелдер кеңестерімен өңіріміздегі «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» мәселесіне қатысты ықпалдасу және кеңесу тәртібінде атқаратын іс-шаралар бойынша меморандумға қол қойылған болатын.

24 сәуір 2024 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 249
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 794

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930