Есірткісіз болашақ: қоғам үні

Кеудедегі намыс шоғын үрлеп, әрбір іске бел шеше кірісу әрбір қазақ баласы үшін маңызды. Тілінде орамды сөзі, аузында ордалы ойы бар елі мен жерінің гүлденіп, көркею жолында аянып қалмайтын жастар елімізге, оның дамуына керек-ақ. Себебі олар қашан да қоғамның қозғаушы күші. Бұл тұрғыда мен өз елімнің патриотымын деп зор сеніммен айта аламын. Алайда, осы тұста айтқым келгені қай қоғам болмасын есірткісіз болашақты қалайтыны белгілі. Статистика мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын нашақорлықпен ауыратын адамдардың саны көбейіп, героин мен синтетикалық есірткілерді тұтыну артып отырғаны белгілі. Қаншама адамдар осы есірткіні пайдаланғаннан кейін онысыз өмір сүре алмай, соған тәуелді болады. Ол адамның сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын химиялық зат екенін түсінгілері келмейді. Есірткі заттарын бір рет қолданудың өзі адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруі мүмкін. Ал оны қайталап тұтыну психологиялық және физикалық тәуелділікке алып келу қаупін арттырады. Бұл деген нашақор болдың деген сөз емес, ол басыңа түскен қиындықтардан арылудың ең оңай жолы. Әр адамның денінің сау болуы өзіне де байланысты. Ол үшін өз денсаулығына зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болу қажет. Бала болғасын ол қанша дегенмен қателеседі, кейбіреулері ата-анасына айта алмай, олардың жұмыс бастылығын көріп, досты көшеден іздеп, көп жағдайда қиындыққа төтеп бере алмай жатады. Алайда кез келген қиындықтың шешімі болады деп ойлаймын. Ол үшін жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спорт пен өнерге қызығушылықты арттырып, есірткінің зардабы туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.
Өмір-адам баласының ең құнды қазынасы, байлығы. Менің айтарым, өмірімізді сақтап, жаман, жат әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық. Бір-біріміздің қадірімізді білейік, жақсылық жасауға тырысайық. Бір-бірімізді қолдап, қолдан келгенше мейірімді, қайырымды болуға асығайық!
Ақылжан Жаудет,
№183 орта мектептің оқушысы











