» » Есірткі армандарды өлтіреді

Есірткі армандарды өлтіреді



     Қазіргі таңда күрделі мәселердің бірі – нашақорлық. Нашақорлық – ғасыр дерті, онымен қаншама денсаулық сақтау ұйымдары бірлесіп күресуде. Нашақорлыққа тәуелді болған адам өзіне зиян әдеттерді жинап жүреді. Оның көптеген түрлері бар, біреулер темекі ретінде пайдаланса,енді біреулер дәрі түрінде қолданады. Бір рет пайдаланған адам, бір-ақ күнде тәуелді болып,өмір сүру уақыты тез қысқарады. Адамның денсаулығына,өміріне тигізетін зияны көп. Ал адами қалыптасу жағына келетін болсақ,өз ортасында сыйы кетеді, жүрген жерінде берекесі болмайды. Көптеген жақын адамдарынан айырылып жатады. Сондықтан да өмірлеріңізге ең жақын жастық шақтарыңызда денсаулықтарыңыздың жақсы болуына осы бастан қарағандарыңыз дұрыс болады.
     Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез құлқын бұзатын, ең қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Адамның миын улап, құмарлық желігіне ұшыратады, аса қауіпті дертке шалдығады, қайтадан адам болуы да екіталай. Әлеуметтік дертте адамның сезімін  толықтай жансыздандырады деуге де болады.
     Нашақорлық – әлеуметтік ортақ мәселе, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған адамдардың өмірлерін қысқартып жатқан – әлемдік трагедия. Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес,әрбір азамат қарсы күрес жүргізгенде ғана шешімін табады. Сондықтан да, сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық!
      Қазақстанның әрбір азаматы өзіне лайықты сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ болып, елдің ертеңгі азаматы болып жүрейік!
        Махмұт ЗҰЛПҰХАРОВ,
            О.Шораяқұлы атындағы №30 орта                                                                                                                       
              мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы
10 қараша 2023 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031