» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

qarmaqshy-tany.kz Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мықты Мәңгілік Ел болу үшін Қазақстанда  бәрі бар. Тәуелсіз елде туып, қазақ елінің перзенті болу қандай бақыт! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «2022 жыл - Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай елімізде жас буынның тәрбиесі мен біліміне баса мән берілуде. Сондықтан кеудедегі намыс шоғын үрлеп, әрбір іске бел шеше кірісу әрбір қазақ баласы үшін маңызды. Тілінде орамды сөзі, аузында ордалы ойы бар елі мен жерінің гүлденіп, көркею жолында аянып қалмайтын жастар бізге қашан да керек-ақ. Жастар-мемлекеттің болашақ тұтқалары. Жасқа жас деп қарау әбестік. Қазақ Елі тарихында жас та болса ел билеп көсем болған, шаршы топты шаңдатып шешен болған  бала билер мен сөз зергерлері  көптеп   кездеседі.
Мен де қазақ халқының бір перзенті болғандықтан елімнің болашағына бей-жай қарай алмаймын. Және өзім секілді әрбір жастың жүрегі Отан деп соғарына сенімдімін. Ал Отанды сүю -отбасынан басталары сөзссіз. Бірақ, кез келген ата-ана балам жаман болсын деп тәрбиелемейді. «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді», бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз бар.  Бала- ата-ана өмірін  жалғастырушы. Ертеде, қазіргі кезде де «Баламның  табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп, балам ауырғанша мен ауырайын дейтін, не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды  аман қалдыр!» деп  Құдайға жалбарынған. Себебі, әрбір ата-ана  бала болашағым деп білген. Алайда, осы бір тұста айтқым келгені қай қоғам болмасын есірткісіз болашақты қалайтыны белгілі. Статистика мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын нашақорлықпен ауыратын адамдардың саны көбейіп, геройн мен синтетикалық есірткілерді тұтыну  артып отырғаны белгілі. Қаншама адамдар осы есірткіні пайдаланғаннан кейін онысыз өмір сүре алмай, соған тәуелді болады. Ол адамның сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын химиялық зат екенін түсінгілері келмейді. Оның ерекшелігі адам оның бір-ақ рет дәмін татқаннан әуес болады екен. Бұл деген нашақор болдың деген сөз емес, ол басыңа түскен қиындықтардан арылудың ең оңай жолы. Елімізде қаншама отбасы бар, күндіз-түні еңбек етіп, күндерін әзер көріп жатқан. Көп жағдайда отбасындағы ұрыс-керіс, ақшаның жетпеуі салдарынан  қиындыққа төзе алмайтын балалар осындай отбасында тәрбиеленіп, сәтсіздікке ұшырайды. Адам барлық жағынан толық қамтылған болса, қорғалған болса зиянды әрекеттерге бармайды деп ойлаймын.  Әр адамның  денінің сау болуы өзіне де байланысты. Ол үшін өз денсаулыңына зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болу қажет. Бала болғасын ол қанша дегенмен қателеседі, кейбіреулері ата-анасына айта алмай, олардың жұмыс бастылығын көріп, досты көшеден іздеп, көп жағдайда қиындыққа тап болып жатады. Ондай кезде меніңше баланы ұрмай,  үнемі уақыт тауып, өзіне жақын тартып, сөйлесе білу керек. Ата-ананың міндеті – бала өмірдің сәні, отбасының шаттығы, Алланың берген сыйы. Дүниеге келгеннен кейін  оларға тәрбие, білім беру, болашаққа қадам бастыртып, осы өмірде өз орнын табуға көмектесу. Ойымды А.Макаренконың мына бір сөзімен қорытындыласам деп едім; «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата - аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді».
Өмір-адам баласының ең құнды қазынасы, байлығы. Оны сақтау-әрбіріміздің  басты борышымыз, әрі міндетіміз. Қазақстандағы әрбір адам өмір сүруге, білім алуға, бақытты болуға құқылы. Өмірімізді сақтап, жаман, жат әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, бір-біріміздің қадірімізді білейік, жақсылық жасауға тырысайық дер едім. Еліміздің, қоғамымыздың болашағы үшін мықты, белсенді болуға ұмтылайық!
Ү.К.Томанов атындағы
№183 орта мектебінің
9  «А» сынып оқушысы
Асылжан Назым
31 қазан 2022 ж. 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 384

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 463

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930