ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ: ҚОҒАМ ҮНІ
ХХІ ғасыр-ғаламдық даму кезеңі болып табылады. Күн өткен сайын өндірістер, шикізаттар, техника мен экономика биікке қарай бой түзеуде. Әйтсе де, осы тұста- адамзаттың ең үлкен қауіптің бар екенін жасыра алмаймыз. Ол-есірткі. Өзіне еріксіз елітіп алатын есірткі қоғам үшін алаңдаулы мәселеге айналып отыр.
Осы тұста, денсаулық басқармасы, білім ошақтары өскелең ұрпаққа аталмыш қатерден сақтану жолдары, түсіндірме жұмыстары және т.б іс-шаралар өткізілуде. Дегенмен, есірткіні түп-тамырымен жою-бүкіл қоғам алдында тұрған ең үлкен міндеттердің бірі. Бұл бағытта ата-ана мен мектептің рөлі ерекше. Жасөспірімдермен ашық әңгімелесу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тәрбиелік кездесулер ұйымдастыру маңызды.
Сонымен қатар қоғам болып жастарға қолдау көрсетіп, қауіпсіз орта қалыптастыруымыз керек.Әр азамат осы бір елітушіге тәуелді болмай, жақсы болашақты таңдаса келешегіміз көркем болмақ.
Есірткісіз өмір – жарқын болашақтың кепілі!
Алтаева Анель,
№106 орта мектебінің 9 сынып оқушысы,
Иіркөл ауылы












