» » Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға "Есірткісіз өмір ғажайып"

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға "Есірткісіз өмір ғажайып"

Адам баласы үшін қымбат қазынаның бірі – денсаулық. Алайда қазір қоғамдағы кей адамдар денсаулықтың қадіріне жетпей, өз саулығын өз қолымен құртуда. Өкінішісі, олардың арасында ел ертеңіне айналатын, келешек ұрпаққа үлгі болатын жастар қауымы көп. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деп хакім Абай айтпақшы бүгінде еріншек, енжар, жалқаулықтың салдары әртүрлі зиянды заттарға әуес болуға әкеліп соғады. Соның ең сорақысы – нашақорлық

Есірткі қолдану, яғни нашақорлық қоғамымызда белең алып отырған келеңсіз жайттардың бірі. Бүгінгі таңда нашақорлық пен есірткіге қарсы күрес ғаламдық сипатқа ие болып отыр. Есірткі қармағына бір ілінсең, торға түскен балықтай қанша бұлқынғаныңмен құтылуың екіталай. Әсіресе, есірткінің жастар өмірін өксітіп, санасын улауында болып түр. Жастарды көктей орып, жуадай солдыратын айықпас кеселге айналды. Жыл сайын есірткінің кесісірінен миллиондаған адамдардың өмірі қиылуда. Қаншама бейкүнә адамдар есірткінің құрығына ілініп,д үние салып, талай ауруларға ұшырауда. Қаншама үміт үзіліп, армандар күйреуде. Есірткі бар жерде есірткі бизнесінің қатар жүретіні белгілі. Бұл,дегеніміз, бүкіл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлық – адамның рухани күйреуі, қоғамнан ажырауы, ерік-күшінің жоғалуы. Сондықтанда біздің ортақ міндетіміз есірткісіз болашаққа бет бұру. Ол үшін бүкіл қоғам болып, немқұрайлыққа салынбай бәріміз бірге күресуіміз керек.

Мен бақытты өмір сүретініме сенімдімін, өйткені мен өміріме қауіп төндіретін есірткіге «менің өмірімде саған орын жоқ!» деп айта аламын, өйткені мені қолдайтын қымбат адамдарым қасымда, өйткені мені бақытты ететін барлық мүмкіндік бар. Мен өз тағдырымды өзім жасаймын. Ешқандай есірткі біздің өмірімізді жарқын етпейтінін, ол тек мақсатыңа, арманыңа жетер жолды жабатынын анық түсінемін.
Тек өзімнің ғана емес, менің жанымдағы адамдардың да өмірі есірткіге тәуелді болғанын қаламаймын. Есірткінің адам өміріне зиянын мен секілді жасөспірімдер түсінсе екен, ата-бабам қасық қанын төгіп сыйлаған бейбіт заманның тек сәулелі жақтарын ғана қабылдаса екен деймін. Мейірім, махаббат, сенім секілді мәңгілік құндылықтарды ғана бойына сіңірсе екен деймін. Менің жұдырықтай жүрегім «есірткіге қарсылығымды» осыбір сөздер арқылы ғана білдіре алады.
#антинаркотическийконкурс

Ертаева Балнур,
Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта
мектебінің 7 "А" сынып оқушысы
03 қараша 2022 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031