«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ!»
Құқықтық қауіпсіздік сабағы №121 орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында "Заң және тәртіп" идиалогиясы аясында құқық пәні мұғаліміи Т.Сағатұлы және Қармақшы ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналды полиция тобының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция қатардағы Кеңшілік Ернар Тұрарұлы білім алушылар арасында вейп денсаулыққа зияны, олардың айналымына қатысты заңнамалық тыйымдар және заңсыз айналымы үшін көзделген жауапкершілік, сонымен бірге кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, буллингтің, кибербуллингтің, нашақорлықтың, лудоманияның, зорлық-зомбылықтың, интернет-алаяқтық пен вандализмнің алдын алу мақсатында 8–9 сынып оқушыларымен құқықтық сабағы өткізілді.
Оқушыларға заң талаптары, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, түнгі уақытта көшеде жүру тәртібі, құқық бұзушылықтың салдары және жеке қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жасөспірімдерге түнгі уақытта заңсыз жүрудің құқықтық жауапкершілігі, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және теріс діни ағымдардан сақтану жөнінде маңызды ақпараттар берді.
Басты мақсат – заңды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары, қауіпсіздік ережелерін сақтайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Заңды білу – міндет, оны сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі!















