» » БОЛАШАҒЫҢДЫ БҮГІН ТАҢДА! ӨМІРІҢДІ ЗАҢМЕН ҚОРҒА

БОЛАШАҒЫҢДЫ БҮГІН ТАҢДА! ӨМІРІҢДІ ЗАҢМЕН ҚОРҒА

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінде 8-10 сынып оқушыларына арналған маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге мобильді топ мамандары қатысып, жасөспірімдер үшін аса өзекті мәселелерді ортаға салды.

Вейп – денсаулыққа қауіп!
Заңды бұзу – жауапкершіліктен қашу емес!
Буллинг пен кибербуллингке – НӨЛДІК ТӨЗІМ!
Нашақорлық пен лудомания – болашаққа балта шабу!
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Интернет-алаяқтықтан сақ бол!
Вандализм – ортақ мүлікке жасалған зиян!

Мамандар оқушыларға әрбір әрекеттің салдары бар екенін, заң талаптарын сақтау, өз құқығы мен өзгенің құқығын құрметтеу – азаматтық жауапкершіліктің басты белгісі екенін түсіндірді.

Кездесудің түйіні – жасөспірімдерге жай ғана тыйым салу емес, дұрыс таңдау жасай білуді, өміріне жауапкершілікпен қарауды үйрету.

Есте сақта!
Бір сәттік қызығушылық – өмірлік өкінішке айналмасын!
Бір қате қадам – үлкен мүмкіндіктерден айырмасын!

СЕНІҢ БОЛАШАҒЫҢ – ӨЗ ҚОЛЫҢДА!
Адал бол! Заңды құрметте! Қауіпсіз өмірді таңда!

06 қараша 2026 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 265
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 422

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30