» » «ҰЛТТЫҚ ӨНЕР – АДАЛДЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ҰЛТТЫҚ ӨНЕР – АДАЛДЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ


Бүгін аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Д. Молдабаевтың қатысуымен мәдениет үйлері мен клубтары арасындағы Сұлтан Сармолдин атындағы «Ұлттық өнер – адалдықтың жаршысы» облыстық байқауы өтті.

Байқау Сыр мәдениеті мен өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, есімі ел жадында сақталған мәдениет саласының ардагері Сұлтан Сердалыұлы Сармолдиннің өнегелі жолын ұлықтауға арналды.

Сұлтан Сармолдин ұзақ жылдар бойы ауданның мәдениет саласында еңбек етіп, халық театрының қалыптасуына, өнер ұжымдарының дамуына, ұлттық өнердің кеңінен насихатталуына және жас таланттардың танылуына зор үлес қосты. Оның өмір жолы – туған жерге адал қызмет етудің жарқын үлгісі.

Байқаудың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Д. Асылбекұлы ұлттық өнердің рухани құндылықтарды сақтаудағы маңызына тоқталып:

«Бүгінгі “Ұлттық өнер – адалдықтың жаршысы” атты байқаудың маңызы ерекше. Өйткені ұлттық өнер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынасы, ұлттық болмысымыздың айнасы, ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі. Оны сақтау, дамыту және келер ұрпаққа аманаттау – баршамызға ортақ міндет», – деді.

Шығармашылық сайыста өңірдің әр ауданынан келген өнер ұжымдары өз өнерлерін ортаға салып, кәсіби шеберліктері мен шығармашылық мүмкіндіктерін танытты. Байқау қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, марапаттарға ие болды.

28 қазан 2026 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 167
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 362

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031