» » ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ

Күз бен қыс мезгілінде тұрғын үйлерде өрт шығу және улы газдан улану қаупі артады. Әсіресе жеке тұрғын үйлерде пешті дұрыс пайдаланбау, мұржаның уақытылы тазаланбауы және электр желілерінің ақауы адам өмірі мен мүлкіне үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жылыту маусымында әрбір тұрғын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауы қажет.
Ауданның төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға жылыту құралдарын пайдаланған кезде барынша сақ болуды ескертеді. Ең алдымен, пештің және мұржаның техникалық жағдайын тексеріп, жарықтардың, түтін шығатын жолының бітелуінің және құрылымдардың зақымдануының жоқтығына көз жеткізіңіз. Мұржаны күйеден уақытылы тазалап, пеш пен түтін мұржасын жарамды күйде ұстау қажет.
Пештің от жағатын есігінің алдына көлемі кемінде 50×70 сантиметр болатын жанбайтын металл төсем орнату ұсынылады. Пешті қараусыз қалдыруға, оны жағу үшін бензин және басқа да тез тұтанатын сұйықтықты пайдалануға, сондай-ақ отын мен жанғыш затты пешке жақын орналастыруға болмайды. Балалардың жанып тұрған пештің жанында қараусыз қалмауына да ерекше назар аударған жөн.
Электр қауіпсіздігін де естен шығармаңыз. Электр сымдарының жарамдылығын тексеріп, розеткаға шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз. Қолдан жасалған немесе ақауы бар электр жылытқыштарын пайдаланбаңыз. Үйге улы газды анықтайтын датчик орнату да қауіптің алдын алуға көмектеседі. Мұндай құрылғы қауіпті газдың жиналуын дер кезінде анықтап, тұрғынға ескерту беруге мүмкіндік береді.
Егер үй ішінде түтін иісі сезілсе, улы газдан улану белгілері байқалса немесе өрт шықса, дереу қауіпсіз жерге шығып, 112 нөміріне хабарласыңыз. Қауіпсіздік талаптарын сақтау – әр отбасының амандығының кепілі.
Құрметті тұрғындар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қараңыз. Қарапайым сақтық шаралары үлкен қайғылы жағдайлардың алдын алуға сеп.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
19 қазан 2026 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 094
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 301

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031